Ресейдің ешқашан қазаққа жаны ашыған емес

Ресейдің ешқашан   қазаққа   жаны ашыған   емес

К.Хафизованың зерттеулерін мысалға алыпты. Ол апаңыз қытайтанушы мықты ғалым екені шындық. Алайда Левшиннің арандатушы мақаласын Шоқандікі деп, оны негізге алғандығын ескеруіміз керек. Жалғыз ол емес, біздің көптеген ғалымдарымыз осылай ойлады.

Қалай болғанда да, бізді айыптаушы мырзалардың арандатушы Левшин мақаласына сын көзбен қараудың орнына, ұрда-жық психологиямен жан-тәнімен қолдап жатқаны бізді қатты қынжылтады. Жаңа Қазақстанға ақиқатшыл тарихи көзқарастың келгенін қолдамайтын білімсіздігін көрсетіп жатыр.

Абылайдың әскер сұрап Ресейге жалынғанын «...Бұл саяси күрестің бір элементі ғана еді, оның көмегімен Абылай хан өз билігін күшейтті» деп жазғаны  кез келген жолмен әйтеуір Абылайға шыбын жолатпау үшін жасалған  шерменде әрекеттер емес пе? 

Абылайдың Орта жүзге хан болып тұрып Оңтүстікке қашып барғанын Мойсеевтен де бетер бұрмалапты. «Қайтыс болу үшін өлер алдында барған» деп жуып-шайғанына жол болсын?! Қанша жұмсартып жазса да, оның бұл әрекетін Мыржақып Дулатов та, Мәшһүр Жүсіп те жасыра алмаған еді. Ол қашпағанда арғындар оны өлтіретін еді. Абылайдың өлер алдында бір-екі ай бұрын барған (1780 жылы) Бекчуринге «Мен Орта жүзден кеткеніммен, Ұлы жүз бен Кіші жүз маған бағынады» деп айтқаны ешқандай ақылға сыймайтын қопалдық емес пе?  Ресейліктер Қазақ жеріндегі саяси жағдайды Абылайдан әлдеқайда артық білген және әрбір оқиғаны тасқабақтай қағыстырып жіктеп отырған...

Қысқасын айтқанда, мына жігіттер – бұрынғы ұрда-жық, шаш ал десе бас алатын, можантомпай ағынмен келе жатқан адамдар.  Олар түсінгісі келмейді, сондықтан барлық жалған айтылғандарға түсінік беруге газеттің көлемі жетпейді. 

Олар жалғыз емес, жалған тарихтың талай оқиғасын миына сіңдіріп алған талай ғалымдарымыз бар. Левшиннің мақаласын мұқият қараған адам қандай фантазия жазылғанын көрер еді. Мұндай арандатушы мақаланы отыз жыл егемендік кезінде тарихымыздың негізіне айналдырғанымызға қарап, біздің шын мәнінде бейшара екенімізді көріп, көрші елдердің тарихшылары айыздары қанып жүр. Қайда біздің намысымыз? 

Абылай туралы қолдан жасалған тарихтың шындығын ашып, халқымызды Ресей саясатын қолдағанын доғарсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ресей Абылай хандарды тек өздерінің саясатын, қуатын күшейту үшін ғана қолдайтынын пайдаланатынын қалай ғана сезінбейміз? Мен осыған таңғаламын. Бұл зұлым елдің ешқашанда қазаққа жаны ашыған емес. 

Самат ӨТЕНИЯЗОВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, т. ғ. к.,
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 144
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 142
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 656
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 776
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 689
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 699

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8838
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8236
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11463
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9220
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10447