РИЗАШЫЛЫҒЫМ ШЕКСІЗ!

РИЗАШЫЛЫҒЫМ ШЕКСІЗ!

БҮГІНГІ  ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҒЫМДЫ  ӨЗДЕРІҢІЗБЕН БӨЛІСУДІ  МІНДЕТІМ  ДЕП САНАДЫМ 

 Бес жылдан аса уақытқа созылған пәтер мәселесіне нүкте қойылып, отбасыммен керемет көңіл күйдеміз. Өзімнің  төбем көкке жеткендей күйде отырмын. 

Естеріңізде болса, 2017 жылы, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  маған 3 бөлмелі пәтердің кілті салтанатты жағдайда тапсырылған еді. Кілт алғанда менімен бірге қуанғандарың есімде... Баспаналы болғаныммен басшылар ауысып кетіп, пәтер толық заңдастырылмай қалды.  Осы күнге дейін пәтер  тұрғын үйді салған құрылыс компаниясының меншігінде тұрды. «Күндердің күнінде пәтерді босат десе, қайтемін?» деген уайыммен талай таңды атырып, талай кешті батырдым. Осы мәселемен қаншама кісілерден көмек сұрадым. Қақпаған есігім қалмады.  Жүйке тозды отбасым уайымдаумен болды .Өздеріңде  жанкүйерім болып менімен бірге қиналдыңдар.  «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, Жамбыл облысының әкімі Нұржан  Нұржігітов әкім болып келгеннен 3 айдан кейін қабылдауында болдым.  Менің қуанғаным,  сөзімді бөлмей мұқият тыңдады  "жазбаша  арызыңды тіркеп өткіз" деді. Бірден жауапты  азаматтарды шақырып тапсырма берді...

Міне Н. Нұржігітовтің бақылауында жылдар бойы шешімін таппаған мәселе оң шешілді. Тиісті құжатты қолымызға алып, осы жағымды жаңалықты өздеріңізге жеткізуге асықтым. " Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын"  Аймақтық ақпарат саласындағы еңбегімізді бағалап, отбасымды қуанышқа бөлеген, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Молдиярұлына  алғысым шексіз, Алла разы болсын..! 

ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН, ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

 

Алтынбек Қартабай
23.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 88
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 71

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 61
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 60
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 149
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 310
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 491