Руналық жазу – қазақтың табиғи тілі мен рухының таңбасы

Руналық жазу – қазақтың табиғи тілі мен рухының таңбасы

Қазақ жерінің қойнауында көмулі жатқан тас бітіктер – ұлт жадын тасқа қашаған бабалардың үнсіз сөзі. Бұл жазулардың түп-тамыры көне түркі өркениетіне барып тіреледі. Тарихи деректер мен археологиялық табыстар дәлелдегендей, Іле, Талас, Ертіс бойынан табылған руникалық мәтіндер, Есік қорғанындағы «Алтын адамның» тостағанына бедерленген таңбалар, Шығыс Қазақстан мен Павлодар өңірлерінен табылған жазулар – барлығы қазақ даласының ежелден өз жазу мәдениеті болғанын айғақтайды. Бұлар тек ескерткіш емес, тұтас бір өркениеттің, тіл мен діннің, салт пен сенімнің тастан хатқа айналған нұсқасы. Демек, руна жазуы – қазақтың табиғи тілдік болмысы мен рухани әлемін танытатын төл мұрасы.

 

Бұл жазу жүйесінің ерекшелігі – оның табиғи үндестік заңдылығына негізделуінде. Әрбір таңба адамның сөйлеу аппаратының қозғалысымен, табиғи дыбыстаумен тікелей байланысты. Мәселен, көне түркі жазуындағы «» (қ) таңбасы тіл арты қатаң дыбыстың кескінін айқын береді. Бұл таңбаның шығу тегі «қылыш», «қуат», «күш» мағынасымен байланыстырылған. Сондықтан руналық «» – көбіне билік пен ерліктің символы; «» (ң) таңбасы мұрын арқылы шығатын үннің графикалық бейнесін көрсетеді. Ол көбіне «N»-ге ұқсас, бірақ бір жағына ілмек немесе қысқа сызық тіркеліп жазылады. «» → «Тәңірі» дыбыс мұрын арқылы шығатындықтан, «жан тынысы», «рух тынысы» ұғымымен байланысты қарастырылған. Сондықтан руна – адам мен табиғат арасындағы дыбыстық үйлесімділіктің көрінісі, яғни табиғат сыйы.

Бірақ бұл табиғи жүйенің жолын жауып, оның рухани арнасын бөгеген кезеңдер де болды. Тарихи үдерістерге үңілсек, қазақ жазуы бірнеше рет саяси шешімнің құрбанына айналған. Араб жазуы қазақ даласына ислам дінімен бірге еніп, діни білім мен мәдениеттің басты құралына айналды. Ахмет Байтұрсынұлы осы жазуды діннің емес, тілдің қызметіне бағындырып, қазақтың дыбыстық жүйесіне икемдеп, төте жазуды жасады – бұл ұлттық тілдің табиғатын сақтаудың алғашқы ғылыми қадамы болды. Алайда кейін кеңестік билік түркі халықтарын ортақ саяси кеңістікке біріктіру және исламдық дәстүрден алыстату мақсатында қазақ жазуын әуелі латын, одан соң кириллицаға көшіруге мәжбүр етті. Сөйтіп, кириллица әліпбиі орыс тілінің заңдылығына негізделіп, қазақтың табиғи дыбыстық әуезін бұзды әрі тіл арқылы рухани тәуелділіктің жаңа кезеңін бастады.

Бұның нақты дәлелі – біздің бүгінгі айту мен жазудағы алшақтық. Мысалы, «Байтұрсынұлы» деп жазамыз, бірақ табиғи айтылым «Байтұрсұнұлұ» түрінде болуы керек. Бұл – еріндік пен езулік үндестігінің бұзылуынан туған құбылыс. Мұндай мысал көп: «жүрөк», «құлұн», «көлүк» сияқты сөздер де жазуда басқаша, айтылымда басқаша. Демек, кириллица жазуы қазақ тілінің табиғи жүйесіне бөтен.

Қазіргі кезде латын әліпбиіне көшу үрдісі жүріп жатыр. Бұл бағыт жаңғыру ретінде қабылданғанымен, оның да шектеуі бар. Латын жазуы – еуропалық фонетикаға негізделген жүйе, ол қазақ тілінің әуездік табиғатын толық бере алмайды. Қазақ тілінде буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ерін мен тілдің қозғалыс үйлесімі ерекше маңызды. Осы ерекшеліктерді латын таңбалары қамти алмайды. Мысалы, «ө», «ү», «ң», «қ», «ғ» дыбыстарын дәл бейнелеуде әліпбидің сәйкессіздігі байқалады.

Осы тұрғыда руна жазуының артықшылығы ерекше. Руналық жазу – тек көне таңба емес, тілдің табиғи фонетикасын толық қамтитын жүйе. Онда қазақ тіліне тән барлық дыбыстар бар. Ең қызығы, көне түркі руна жазуында «» (ч) таңбасы үздіксіз қолданылған. Бұл дыбыс қазіргі қазақ тілінде жеке әріп ретінде жоқ, бірақ кейбір говорлық ерекшеліктерде (шаш – чаш, шек – чек) сақталған. Демек, руна әліпбиі қазақ тіліне тән тарихи дыбыстық қабатты да қамтиды.

Ғылыми тұрғыдан алғанда, руна – түркі дүниесінің ең алғашқы жазу коды. Орхон-Енисей ескерткіштері – сол дәуірдің тілін, мәдениетін, дүниетанымын жеткізген ең көне дерек. Ол жерде билік, елдік, ерлік, даналық ұғымдары сөз арқылы ғана емес, таңба арқылы да мән тапқан. «Көк түрік» идеясы – рух пен жердің, ата-тек пен тілдің бірлігін білдіретін философиялық ұғым. Бұл идея қазақтың «Жерұйық», «Ата қоныс», «Көк аспан» сияқты дәстүрлі танымымен үндес. Сондықтан руналық жазу – түркі халықтарының, соның ішінде қазақтың да рухани генетикалық коды.

Мемлекеттік деңгейде руна жазуын мойындау – бұл тек өткенді зерттеу емес, рухани егемендікті қалпына келтіру. Түркия Орхон жазбаларын ұлттық мұра ретінде қорғап, мектеп бағдарламасына енгізді. Моңғолияда руна жазуы халықаралық мәдени мұра тізіміне енді. Венгрия мен Финляндия да өздерінің ежелгі руналарын ресми символ ретінде пайдаланады. Ендеше, қазақ елі де өз жерінен табылған бітік тастарды ғылыми айналымға енгізіп, ұлттық код деңгейінде мойындауы керек.

Руна – біздің тіл мен тарихтың түп-тамыры. Ол тек археологиялық жәдігер емес, мәдени жадының көрінісі. Біз руна жазуын зерттеу арқылы өз әліпбиіміздің табиғатын түсінеміз, тілдің ішкі заңдылығын қалпына келтіреміз. Бұл – болашақ ұрпақтың тілді табиғи қалпында меңгеруіне жол ашады. Себебі әр таңба – дыбыстың ғана емес, ой мен рухтың да бейнесі.

Қазақ тілі – табиғи үндестік пен дыбыстық әуезге құрылған тіл. Оған бөтен жазу жүйесін телу – табиғатты жасанды қалыпқа салу сияқты. Сондықтан руна жазуын мойындау – тілді сақтау, ал тілді сақтау – ұлттың рухын сақтау. Өз таңбасын таныған халық қана өз сөзін қадірлей алады. Ал өз сөзін қадірлеген ұлт ешқашан тарих сахнасынан жоғалмайды. Руналық жазу – сол мәңгіліктің тасқа түскен мөрі.

 

Махаббат БАШЕК,

 ҚазҰУ-дың Журналистика 

факультетінің студенті

14.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19815
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19632
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34776
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33337
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37159