РУХАНИ ЖАҢЫРҒА КЕРЕК ДАНАЛЫҚТАР

РУХАНИ ЖАҢЫРҒА КЕРЕК ДАНАЛЫҚТАР

  *Ақын бойына адамгершілік қана жарасады, екеуінің біреуіне ақау түссе - алдымен ақындық өледі.

    *Ақын жүрегіне кек тұрмайды, Кек тұрса - қақ тұрғаны. Қақ тұрған жүрек-тот басқан асыл. Енді одан берекелі үн шықпайды.

    *Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ.

    *Көркем сөз - жанның сəулесі.

    *Көз көргенді - ой таниды.

    *Тек жамандық пен жəбірді жинай берген адам жазушы бола алмайды.

    *Есті сөзді естігісі келмеген адам - саңырауға тең.

    *Қарны тойса қалғып сала бермейтін ұрпақ керек.

     *Өзің-аспанда, ойың-төменде жүргенше - өзің төменде, ойың аспанда жүрсін. Биік деген немене, төмен деген немене - сонда түсінерсің.

    *Оқыс сөз, одыраң мінез - үлгісі жоқ ұлдың, кері кеткен қыздың белгісі. 

    *Ой да - тұтқындалады.

     *Істеген ісіміз - тай жарыстың шамасы болса да, Құлагердің бəйгесінен дəметеміз.

     *Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.

     *Екі күштінің арасына сына болып қағылсаң ғана сия аласың.

      *Көз көрмегенді - көңіл көреді.

      *Жер жүзінде қазақ əйелдерінен басқа бір əйел құдайын қарғай алмайды.

     *Ақылды адамға ең ауыр жаза - мақтай беру, мақтай беру.

     *Тізесін ашып қойған қыздың өзі көрінбей қалады.

     *Атақ қоспасы адам бейнесін бұзып жібереді.

     *Ойға қонар ой өлмейді.

     *Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.

    *Кейде жетілдім-болдым деген адамның сырт жылтырағына тырнағың тиіп кетсе болғаны - мысы шыға келеді.

     *Елің үшін - мақтан, елің үшін - қайғыр.

    *Кейде жеңгенің - өкініш.

    *Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді.

    *Еліңе опасыздық - туған анаңа опасыздық.

     *Қазақтың өсек-аяңынан асқан тамұқ жоқ.

    *Ойға сепкенің өспей қоймайды.

     *Қолдан жасалған "талант" - біреудің паспортымен жүрген ұры.

     *Талант туады, өлмейді. 

     *Ең ауыр майдан - надандықпен күресу майданы, əрі ұзақ, əрі ызасы көп.

    *Тек ірілік қана аңызға айналады.

    *Əдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы бола алмайды.

     *Еліміздің ұйтқысы - əдет-ғүрпымыз.

     *Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.

     *Адамның парыз-қарызы сыйлаумен өтеледі.

     *Бір-ақ партия билеген ел көп ұзамай диктатураға ұшырамақ.

     *Шындық тəңірі - шынырау түбінде жатса, атақ тəңірісі - аспанда тұрады. 

      Бақыт деген еркіндік.

Ғабит МҮСІРЕПОВ
29.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 139
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 139
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 653
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 772
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 686
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 696

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8832
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8230
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11457
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9214
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10441