Руханият бұлағы

Руханият  бұлағы

Құрметті Сәуле Мешітбайқызы!

Сізді торқалы тойыңызбен – өміріңіздің асқаралы белесімен шын жүректен құттықтаймын.

Журналистикаға азаматтар түрлі жолмен, ізденіспен келеді. Өзіңіз оған қайнаған қоғам ішінен, білім және мемлекеттік тіл саясаты саласынан келдіңіз. Мол тәжірибе, елеулі ақыл-парасат, ең бастысы халықтың арман-тілегін арқалап, саланың жаңа тынысын аштыңыз. Шынын айтайық, бұл – отандық журналистикадағы сирек құбылыс.

Егер еліміздегі БАҚ-тың жоғары білім көшбасшылары (Т.Қожанов, Т.Қожакеев) бүгін тірі болса, «Әйел заты журналистикаға қалай келу керек?» деген сұраққа олар сіздің тәжірибеңізге қарап, тың ой түйері шүбәсіз.

Бүгінгі құттықтаушылар «Қазақстан-ZAMAN» мен «Qazaqstan dauiri» газеттеріндегі ерен еңбегіңізді, «Ел ана» қоғамдық қорындағы білікті қайраткерлігіңізді жан-жақты атап өтетініміз түсінікті.

Өмірбаяныңыздағы біз үшін, жалпы мәдениет пен руханият үшін маңызды екі бастауыңызды айрықша атап өткіміз келеді:  Оның біріншісі – А.Байтұрсынұлы сынды даналар қалыптастырған ұлттың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы ҚазПИ-де небір марғасқалардан (олардың дені салалық журналистикаға үлес қосты) білім алғаныңыз.

 Екіншісі – ұлт өнерінің ізашар оқу орны А.Жұбанов атындағы музыкалық мектепте 20 жылдан астам дәріс оқып, басшылық қызмет атқарғаныңыз.

Осы екі руханият бұлағы сіздің қандай деңгейдегі қоғам қайраткері, қаламгер, БАҚ басшысы екеніңізді айқындай түседі. Сізде атақ та, игі марапат та бар. Бірақ соның ішінде Кеңес тұсындағы «ҚазССР Еңбек ісінің үздігі» мен Тәуелсіздік кезеңіндегі «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағыңыз еңбегіңізді дәл сипаттайды.

Әрине, сіз – өнегелі анасыз. Талантты ұл-қыздарыңыз, немере-жиендеріңіз – батаңызбен ғана емес, сәт сайынғы тәрбиеңізбен өніп-өскен ел мақтаныштары. Бәрі ұзағынан сүйіндірсін! Деніңізге – саулық, отбасы-әулетіңізге – амандық, ұжымыңызға – бақ-береке тілеймін.

 

Ізгі ниетпен,

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ,

Құрылтай депутаты, 

ҰҒА академигі

 

23.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28012
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27490
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44863
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40524
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45176