Рыбакинаның таңғажайып рекордтары

Рыбакинаның таңғажайып рекордтары

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте чехиялық теннисші брейк жасап кеткенімен, Елена сол бойда таразы басын теңестірді – 5:5. Аса тартысты өткен тай-брейкте ол бес сет-пойнтты пайдалана алмады – 6:7 (14:16). Бір сағат 6 минутқа созылған бірінші сеттің өзінде Рыбакина 10 эйс жасап үлгерді. Сондай-ақ Майами WTA 1000 турнирі барысында 70-ке жуық эйс жасап, теннис тарихында рекорд орнатты. Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен ойында 14, испаниялық Паула Бадосамен бәсекеде 12, бельгиялық Элиза Мертенспен және италиялық Мартина Тревизанмен жекпе-жекте 10-10-нан, америкалық Джессика Пегуламен матчта 11 және Петра Квитовамен финалда 12, барлығы 69 эйске қол жеткізді. Марапаттау кезінде Елена өзін қолдаған жандардың бәріне, өз командасына алғысын білдіріп, келесі жылы Майамиге оралатынын айтты. Кейін әлеуметтік желідегі парақшасында: «Бүгін ауыр күн болды, екінші орын, дегенмен Майамидегі екі аптаны тұтастай алғанда, оңды өзгеріс көп. Барлығына қолдағаны үшін мың алғыс! Енді аздап демалғаннан кейін топырақ төсенішіндегі маусымға дайындалатын боламын», – деп жазды. Майамидегі турнирде асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін көрсетті. Енді, бұйыртса, сары қызымыз сәуір айында елге оралып, Астанада Польшаға қарсы ойынға дайындалады. Естеріңізге сала кетейік, 14-15 сәуірде Астанада Ұлттық теннис орталығында Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польшамен кездеседі. «Топырақ төсенішіндегі маусымда табысты өнер көрсеткім келеді. Бұл, әрине, денсаулық пен күш-қуатқа байланысты. Өткен жылы топырақта жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Менің ойымша, онда табысты өнер көрсете аламын. Сондықтан бәрі де денсаулық пен күш-жігерге байланысты. Өйткені осыншама турнирлерде үнемі жолда жүру оңай емес. Кейде басқа бірдеңеге алаңдайсың. Майамиге сіңілімнің келу себебі сол. Ол маған көмектеседі, сондықтан теннистен басқа да өмірім бар», – деді әлемнің 7-ракеткасы. Елена Рыбакина сондай-ақ 13 матчқа созылып, Майами финалында үзілген жеңіс сериясына байланысты пікір білдірді. «Ига Швентекте бұдан да көп серия болды, бұл оңай емес. Әрине, түбі жеңілетін күн туады, мен басқаны күткен жоқпын. Негізгі мәселе дене дайындығында, өйткені көп жол жүруге тура келеді. Ең бастысы, қандай мәселе болсын жағдайға бейімделе білу керек», – деді қазақстандық теннисші. 

РАУАН МУТАИР
06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 111
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 110
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 626
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 744
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 656
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 667

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8804
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8203
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11429
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9183
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10414