Шабондаздарға сәттілік!

Шабондаздарға сәттілік!

Бүгін елордалық «Қазанат» ипподромында «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Ұлы Дала Жорығы» тұңғыш республикалық марафон-бәйгесінің ашылуы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің түкпір-түкпірінен келген шабандоздарға арнайы құттықтау жолдап, сәт сапар тіледі.

«Қазақ пен жылқы – егіз ұғым. Арғымақ атты халқымыздың символы деуге болады. Біз қазіргі заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға тиіспіз. Бүгінгі бәйгенің басты мақсаты – осы. Бұл – нағыз азаматтар мен қазанаттар сыналатын дода. Сондай-ақ, елімізге рухани серпіліс әкеліп, жастарды отаншылдыққа баулитын бірегей жоба. Аламан бәйге ұлтымыздың рухын асқақтатып, мерейін асыра түседі деп сенемін», – делінген Президент құттықтауында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тарихымызды зерттеп, рухани құндылықтарды дәріптеуге әрдайым ерекше мән беруде. Бүгінгі аламан жарыс соның айқын дәлелі.

Бұл марафонның маңызы – халқымыздың мыңжылдықтарға созылған тарихы мен төл мәдениетін жаңғыртуында. Осы идеяны ұсынып, марафон-бәйгені өткізуге қолдау білдіргендегі мақсат – елімізді Ұлы Даланы мекен еткен көшпенділер өркениетінің мұрагері ретінде таныту болатын. 

Бұған қоса, Қазақстанның бай тарихы мен руханиятын зерделеу, сұлу табиғатын сақтауға шақыру, Ұлы Даланың тарихи-мәдени ескерткіштерін Қытайдағы Ұлы Қытай қорғаны, Египеттегі Мысыр пирамидалары, Италиядағы Рим колизейі, Ұлыбританиядағы Стоунхендж ескерткіші секілді танымал туристік орталықтарға айналдыру.

Жарысқа қатысушылар 1 200 шақырым жүріп, киелі Түркістанға ат басын тірейді. Күн сайын 100 шақырым жолды еңсеретін шабандоздар көшпенді ата-бабамыздың қайраты мен қайсарлығын көрсетуге дайын. Қиындыққа мойымайтын осындай айбатты азаматтар барда еңсеміз биік, мерейіміз үстем!

Бұл марафон-бәйге еліміздің ат спорты мен туризмінің отаны ретінде танытып, туристік әлеуетін арттыруға, ұлттық спортқа тың серпін беріп, оны әлемдік деңгейдегі мемлекеттік бренд ретінде қалыптастыруға жол ашады деп сенемін.

 

Ертең «Ұлы Дала Жорығына» аттанатын шабандоздарға оң сапар тілеймін! Халқымыз айтпақшы, ат бәйгелі болсын!

Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ ФБ парақшасынан
17.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Торқалы той қарсаңындағы марапаттар
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.09.2023 65
ӘСКЕРГЕ БАРУ- АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Шу ауданы әкімдігі - 28.09.2023 43
Пресс-релиз
- 28.09.2023 18
Ұлт рухының жаршысы еді...
Ерболат САУРЫҚОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. - 28.09.2023 66
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 842

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2573
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2404
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2512
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2492
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2540