Сайлауға қай партия қатыса алады?

Сайлауға қай партия қатыса алады?

ОСК-ның айтуынша, «Байтақ» партиясының Қазақстанның облыстарында бөлімшелері жоқ болғандықтан, олар тек Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы Мәслихат сайлауына қатыса алады. Ал «Respublica» партиясының бөлімшелері болмағандықтан, Мәслихат сайлауына қатыспайды. Сенбі күні Әділет министрлігі тағы екі жаңа партия – «Ел тағдыры» және «Ұрпақтар жалғастығы» ұйымдарының құжаттарын қарап жатқанын хабарлады. Егер олар 8 ақпанға дейін, яғни кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанға дейін тіркеліп үлгерсе, сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болады. «Ел тағдырының» жетекшісі 70 жастағы Жұматай Әлиев былтыр Президент сайлауы қарсаңында «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Президент сайлауына қатыспақ болып, тіркеле алмай қалған. ОСК олардың «жинаған қолы жеткіліксіз болды» деген уәжбен тіркемеген. Ал «Ұрпақтар жалғастығы» туралы ақпарат жоқ. Қазақстанда Мәжіліс және Мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді. Сайлауға бюджеттен 33,4 млрд теңге бөлінетіні хабарланған. Сайлау аралас партиялық-мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы Мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы Мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Сарапшылар елде билікке шынайы бәсеке бола алатын тәуелсіз партиялар тіркеле алмай, тек «билікке адал» ұйымдар ғана тіркеуден өтіп жатқан шақта, белсенділерді қудалау күшейген тұста сайлау күні белгіленгенін алға тартады. Билікті сынайтын және саяси-экономикалық реформаларды талап еткен топтар Қазақстан демократиялық партиясы, «Алға, Қазақстан», «Халыққа адал қызмет», «Біздің құқығымыз», «Еркін халық», «Халық таңдауы», «Ел тірегі» партияларын құратынын мәлімдеген. Алайда олардың ешқайсысы әзірге тіркеле алмады. Кейбірінің жетекшілері қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал билік елде саяси қудалау жоғын айтады және тәуелсіз белсенділерге партияны тіркеуге кедергі жасағанын мойындамайды.

Рауан МУТАИР
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 41
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 254
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 250
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 873

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8947
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8340
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11567
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9325
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10551