САЙРАМДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ БОКСШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

САЙРАМДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ БОКСШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында еліміздің Тәуелсіздік күніне және Ақсукент ауылдық округі әкімінің жүлдесіне арналған бокстан 2011-2012 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында Түркістан облысының 3-аймақтық чемпионаты аяқталды.
Додалы жарыс Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Ақсу жекпе-жек» спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жоғарғы деңгейде өтті.
Жарыс барысында марапаттау рәсіміне Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Алиев арнайы қатысты. Жарыстың көркін қыздырған барлық қатысушыларға, жаттықтырушыларға және төрешілерге өз алғысын білдірді. Сонымен қатар жеңімпаз атанған спортшыларды марапаттады.
Бұл сайыста жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар алда өтетін Түркістан облысының чемпионатына қатысатын болады.
Сонымен бес күнге жалғасқан Түркістан облысының 3-аймақтық чемпионатында жалпы командалық есепте: I орын — №5 ОРМБЖСМ, ll орын – Сайрам ауданы «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, lll орын – Түлкібас ауданы командаларына бұйырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
24.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540