Салауатты өмір салтының қағидалары

Салауатты өмір  салтының қағидалары

Аурудың алдын алуға және денсаулықты нығайтуға бағытталған адамның өмір салты салауатты өмір салты болып есептеледі. Тамақтанудан бастап, эмоционалды көңіл күйге дейінгі кезеңнің бәрі осыған кіреді. Яғни  бүгінгі таңда салауатты өмір салты – бұл тамақтану, физикалық белсенділік және демалу режиміне байланысты  бұрынғы әдеттерді толығымен өзгертуге бағытталған өмір салты деп аталады.  

Дұрыс тамақтану

Пайдалы тағам тек табиғи болып, барлық қажетті макро- және микроэлементтерден, дәрумендерден құралған дұрыс. Әдетте жеке тамақтану режимін диетолог жасайды. 

 

Дене белсенділігі

Дененің функционалды мәртебесін сақтау үшін қозғалыс  өте қажет. Салауатты өмір салтын ұстануды бастаушылар күніне кем дегенде 30 минут жаттығу жасағаны дұрыс. Әркім өзінің жасына, темпераментіне және мүмкіндіктеріне сәйкес физикалық белсенділіктің қандай түрімен айналысу керектігін шешеді (мәселен спортзалдағы жаттығулар, спорттық серуендеу немесе жүгіру, жүзу, велосипедпен жүру, үйде гимнастикамен айналысу).

 

Теріс әдеттерден бас тарту

Темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер, зиянды тағамдық құмарлықтар (тұзды тағамдар, чипстер, тәттілер) денсаулықты бұзатын факторларға жатады. Салауатты өмір сүру үшін  аталған «ләззаттардан»  үзілді-кесілді бас тарту қажет. Жаман әдеттерден бас тарту – салауатты өмір салтын ұстанатын барлық адамдар үшін керекті басты мәселе. 

 

Денені нығайту және аурулардың алдын алу

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін факторлардың тізіміне міндетті түрде денені нығайту және қатайту процедураларын кіргізген жөн. Иммундық мәртебені көтеру – бұл кезең-кезеңімен және шыдамдылықпен жүзеге асыруды қажет ететін кешенді жұмыс (тұрақты медициналық тексерулер, гигиена, эмоционалды денсаулық және т.б.).

Қатаю дегенде міндетті түрде бассейндерге  шомылу немесе  суық су құю емес. Бастапқыда әдеттегі контрастты душты таңдауға болады. Денені қатайту арқылы иммундық мәртебені арттырып,  тамыр жүйесін нығайтады.  Сонымен қатар вегетативті жүйке жүйесін ынталандырады және дененің жалпы тонусын көтеруге болады. 

Психика мен жүйке жүйесінің күйін міндетті түрде қадағалап отырған жөн. Мезгілінен ерте қартаюдың тікелей себептері толқу, стресс, шиеленіс, ашуланшақтық  болмақ. Жүйке күйі физиологиялық процестерге теріс әсер етеді және дененің тіндік және жасушалық құрылымдарындағы патологиялық өзгерістерге де теріс әсерін тигізбек. Сондықтан  егер де  ашулансаңыз және қобалжысаңыз, оны жасырмаңыз, өзіңізге жағымсыз эмоцияларды жинап алмаңыз.

Міндетті түрде дене салмағын бақылау денсаулықты нығайту және тұрақтандыру бойынша алдын алу шараларының тізіміне кіреді. Артық салмақ әрқашан жүрек, қан тамырлары, эндокриндік және басқа да көптеген патологиялардың қосымша қаупі болып есептеледі.

Еңбек пен демалыс режимін сақтау және ұйқыны қалыпқа келтіру  денсаулықты нығайтудың  бастамасы. Адам күніне 8 сағат демалуы керек, ал ұйқы үздіксіз болғаны жөн. Бір уақытта жатуға және тұруға өзіңізді үйретіңіз. Демалыста болсаңыз да, түскі асқа дейін төсекте жата бермеңіз. Өйткен жағдайда күні бойы өзіңізді әлсіз сезінесіз. Режимді сақтағаннан кейін үш аптадан кейін өзіңізді әлдеқайда жақсы сезініп, ұйқысыздық, мазасыздық және күйгелектік азая бастайды.  Дененің жағдайы да тұрақталады.

Ең маңызды профилактикалық шара – жеке гигиена қағидаларын сақтау. Бала кезімізден айтылып жүрген «Тазалық – денсаулық кепілі» немесе «лас қол ауруы» тіркестері бос сөз емес екенін білген жөн. Гигиеналық қағидаларды сақтау арқылы біз көптеген және түрлі аурулардың алдын аламыз. Қолыңызды сабынмен жуу керек, егер болмай бара жатса, бактерияға қарсы гельді немесе арнайы дымқыл майлықтарды пайдаланған дұрыс. 

Адамның жасы ұлғайған сайын гипертония, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы сияқты аурулардың қаупі едәуір арта түспек. Соған байланысты 45 жастан кейін адамдарға үнемі толық клиникалық тексеруден өтіп отыру керек. Сәтті терапияның негізі ауруларды ерте анықтау болып саналады. Міне, салауатты өмір салтын сақтаудың  жолдары, бағыт-бағдары осы қарапайым қағидаларды сақтаудан басталады. 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
31.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16517
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16369
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31544
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30163
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33756