Самбо: Әлем чемпионаты мәреге жетті

Самбо: Әлем чемпионаты мәреге жетті

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында самбодан әлемдік чемпионат аяқталды. Онда 21 медаль комплектісі (7-еуі – ерлер, 7-еуі – әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан) сарапқа салынды. Аталған чемпионатқа тұңғыш рет босқындар командасы қатысты. Солардың бірі Мария Амьюлина Гедес (Венесуэла тумасы, Францияда босқын мәртебесін алған) 54 келіде чемпион атанды. Ресей мен белорус самбошылары FIAS шешімі бойынша бейтарап мәртебеде өнер көрсетті. Орыстар 13 алтын медаль ұтып алса, белорус командасы 1 алтын еншіледі. Биылғы жылы чемпионат географиясының ауқымы да кеңейді. Байрақты бәсекеде босқындар мен бейтарап спортшылардан басқа Қырғызстан, Грузия, Моңғолия, Түрікменстан, Израиль балуандары жеңіске жетсе, медаль жағынан география ауқымы бұдан да кең. Енді чемпионат жеңімпаздары жайлы айтсақ

Спорттық самбо (әйелдер): 50 кг. Мария Амьюлина Гедес (босқындар командасы); 54 кг. Алена Купава (FIAS); 59 кг. Светлана Уварова (FIAS); 65 кг. Карина Черевань (FIAS); 72 кг. Олеся Посылкина (FIAS); 80 кг. Дарья Речкалова (FIAS); 80 кг-ден жоғары. Елене Кебадзе (Грузия).

Ерлер: 58 кг. Саян Хертек (FIAS); 64 кг. Мухаммет Коссеков (Түрікменстан); 71 кг. Шамиль Зилфикаров (FIAS); 79 кг. Станислав Скрябин (FIAS); 88 кг. Сергей Рябов (FIAS); 98 кг. Антон Коновалов (FIAS); 98 келіден жоғары. Бекболот Токтогонов (Қырғызстан).

Жауынгерлік самбо (ерлер): 58 кг. Баяндуурен Гантимур (Монголия); 64 кг. Шейх-Мансур Хабибулаев (FIAS); 71 кг. Тариэль Аббасов (Израиль); 79 кг. Дайырбек Карьяев (Қырғызстан); 88 кг. Саид Саидов (FIAS); 98 кг. Виктор Немков (FIAS); 98 келіден жоғары. Сослан Джанаев (FIAS).

Қазақстандық балуандар 3 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде жалпы есепте 9-орынға жайғасты. Жарыстың үшінші күнінде жауынгерлік самбодан 71 келіге дейінгі салмақта Әсет Анарбаев финалға шығып, израильдік Тариэль Аббасовқа есе жіберді. Ал 88 келіде Айбек Саметаев жартылай финалда сүрініп, қоланы қағанат тұтты. Тағы бір қоланы әйелдер арасында Арайлым Әбенова (80 келіден жоғары) алды. Бұған дейін 12 қарашада Ділдәш Құрышбаева (72 келі), Арнұр Қуатай (71 келі) мен Мирас Уәлиев (58 келі) қола жүлдегер атанды. Ал 11 қарашада Қайырберді Айдынбай (58 келі) мен Асылбек Смайылов (79 келі) күміс жүлдегер болса, Гүлдана Әлмұхамбетова (54 келі), Райхан Мәди (98 келі) үздік үштікті түйіндеді. 

Ермек Сахариев
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 160
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 156
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 668
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 788
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 701
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 711

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8854
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8251
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11478
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9234
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10461