Сапарбек қайсар жан еді...

Сапарбек қайсар   жан еді...

Абдрахманов Сапарбек Уәлиханұлы 1962 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Зеренді ауданы Қарашілік  ауылында дүниеге келген.  

1978 жылы 9-сыныптан соң аудандағы Шағалалы ауылшаруашылық  техникумының электрофикация факультетіне түседі. Техникумды 1982 жылы аяқтап, сол жылы күзде әскери борышын өтеуге аттанады.  Әскерден келген соң, 1984  жылы Алматы зооветериналық институтына түсіп, 1989 жылы қызыл дипломмен аяқтайды. Институтта өзін белсенді  жастар қатарынан көрсетіп, 5 жыл бойы 7-топтың старостосы болды.   Институтты  аяқтаған соң, Сапарбекке  Москваның Тимирязев академиясына жолдама берілді. Бірақ отбасылық жағдайына байланысты оқуға бара алмады. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы  кезінде  ол Алматыда студент еді. Барлық сол кездегі жастар сияқты Сапарбек те Б.Шайкенов, Б.Сүлейменов, Ж.Олжабаев, М.Токкужинов, Қ.Ахетов, т.б. курстастарымен алаңға барды.

Барлық болған оқиғаны өз көздерімен көріп, наразылықтарын білдірді. Әскери жасақтардан таяқ жеп,  қашып үлгеріп, жатақханаларына келді. Институт әкімшілігі қатаң бақылау орнатты, бірақ олар сытылып шығып,тағы алаңға барды. Әкімшілік жағынан кімдер барғанын білу үшін сұрақ-жауап алғанда курстастары бірін-бірі сатпады.  Себебі олар жүректері елім, қазағым  деп соққан жастар еді. Сапарбек институтты аяқтап  келген соң, «Ленин жолы» совхозында мал дәрігері болып қызмет атқарды. Жұмысында абыройлы болды. Алайда Сапарбек 1991 жылы өмірден қайтты. Артында бір ұл, бір қызы қалды. Қазір балалары өсіп-жетіліп, өмірден өз орындарын тапқан,  үш немересі,  екі жиені өсіп келеді. Жары Нағима ұлының қолында немерелерін бағып отырған бақытты әже.

Сапарбек Абдрахманов қайтыс болса да, артында кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болар ерлік істері, қайсарлығы қалды. Тәуелсіздік жолында құрбан болған Желтоқсан батырларының жандары жаннатта, шамшырақтары жарық болсын!

 

Қайыргелді Ахетов
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588