ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған билік басындағы азаматтарға ҮНДЕУ!
«Əділдік!» – деп ашынып тіл қатқанды,
«Террорист» – деп жұртыма оқ атқан-ды.
Соттау керек, əлемге масқара еткен,
Жендеттерді, көр қазған «ақымақтарды»!
Тұрақты «Бірлік» атты ұранменен,
«Жаңарған Қазақстан!» құрам деген.
Талабың орындалар Қасым-Жомарт,
Əрқашан бірге болсаң халқыңменен!
Халық деген киелі айтқаны ақ,
Халқын сүйген ерлерге Құдайым жақ.
Өрісі кең, өркенді ел болам десең,
Шер-аға айтқан «Қазанның» қақпағын жап!
Көз алартқан көршіні тайраңдатпай,
Шекараңды мықты ғып, жеріңді бақ!
Рухани жаңғырып ой мен сана
Көк байрағым желбіреп тұрса дара.
Сен де аман, мен де аман, əз халқымның,
Өз байлығы өзінде болса ғана!
Дүниенің нəсіп етпей боқты жүгін,
Үлгі етіп қазағымның тектілігін.
Уа, ағайын, рухани бірлікпенен,
Сақтайық Тəуелсіз Ел мықтылығын!
Ел тірегі – қазыналы халқым барда,
Қазақтың əрбір үйі алтын орда.
Тілін, жерін, өнерін өркендеткен
Жаратқан! Ерлерімді Өзің қолда!