Саранда қағаз өнеркәсібі қалай пайда болды

Саранда қағаз өнеркәсібі қалай пайда болды

 

«Нәзік сұлулық», «шампанның шашырауы» – нәзіктік мен музыканы қағаз индустриясында да білдіруге болады. Осындай атаулармен Саран қаласындағы зауытта мерекелік және түрлі-түсті майлықтар шығарылады.

Жалпы алғанда, кәсіпорынның ассортименті үлкен – дәретхана қағаздары мен майлықтардан, қағаз сүлгілерден бастап дәретхана жабындарына дейін.

Sunpaper жас компаниясы бірнеше жыл бұрын өзінің өндірістік алаңын Алматыдан Қарағанды облысының моноқаласына көшірді. Бұрынғы автобаза орнында заманауи жабдықтары бар цехтар салынды.

– Мұнда автобаза болды, ол құлдырау жылдарында жабылып қалған еді. Аумақ қолдан қолға өтті: пластикалық терезелер жасалды, содан кейін әртүрлі құрылыс компаниялары болды. Осылайша алаң құлдырап қалды. 2014 жылы аумақты біздің компания сатып алды. Қалпына келтіру жұмыстарын, ғимараттарды қайта жаңартуды, цехтарды, қоймаларды дайындау жұмыстарын жүргіздік. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін станоктарды Алматыдан Саранға тасымалдау және өндірісті біртіндеп іске қосу басталды. 2017 жылдың аяғынан бастап өндіріс толығымен осында көшірілді. Қазір Алматы мен Нұр-Сұлтанда филиалдар жұмыс істейді, – деді «Sunpaper» ЖШС өндіріс жөніндегі менеджері Игорь Пехтерев.

HoReCa секторы – қонақ үй және мейрамхана бизнесі үшін кәсіби өнімнен басталды. Қоғамдық орындарда пайдалану үшін қағаз өнімдерін шығара бастады: майлықтар, қағаз сүлгілер, «джумбо» дәретхана қағазы. Қазақстанда мұнымен ешкім айналыспады, сондықтан нарықта ол өз орнын алды.

Отандық өнім сұранысқа ие болды. Оның сапасы импорттық тауарлардан кем түспейді.

Уақыт өте келе станоктар паркі жаңартылды, ассортимент өсті, корпоративтік клиенттер көбейді. Бүгінгі таңда майлықтар, қағаз сүлгілерді үйде пайдалану үшін сатып алуға болады – оларды ірі супермаркеттер сатады.

Игорь Пехтерев шеберханаларды аралатып, қағаз өндірісін ішінен көрсетті.

– Мен осында жұмысқа орналасқанымда, бір үлкен қағаз орамын алып, оны кішкене орамдарға ораудың не қиындығы бар деп ойладым. Шын мәнінде, көптеген техникалық құриялар бар, оның ішінде жұмсақтық беру үшін қағаз қабаттарының бедерленуі мен ламинациялануын қамтамасыз ету керек. Біз тек 100 пайыз целлюлозадан өнім шығарамыз. Бұл оның сапасына әсер етеді, – дейді менеджер.

Саран қаласындағы зауытта 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Ұжым негізінен жас мамандардан құралған. Олардың басым бөлігі – әйелдер, олар конвейерде тұрады, орауыш-төсегіштермен жұмыс істейді. Станоктарға қызмет көрсету – бұл негізінен ерлер бөлігі бойынша.

– Әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда 60/40 құрайды. Өзім Орталық Қазақстан Академиясының түлегі болып жұмысқа тұрдым. Сала соншалықты кең емес, Қарағанды облысында біз осындай жалғыз өндіріспіз. Біз мамандарды өзіміз үшін дайындаймыз және қызметкерлер үшін ең қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Тегін тамақ, жұмыс автобусы ауысымнан кейін кәсіпорынға және үйге жеткізіледі, – деді Игорь Пехтерев.

Мұнда тек Саран қаласының ғана емес, жақын маңдағы ауылдардың да тұрғындары жұмыс тапты.

– Мен білімім бойынша техник-құрылысшымын. Осы мамандық бойынша білім алған соң, балалы болдым, декретте отырдым. Жаңа өндіріс ашылып жатқанын естігенде, оны сынап көруді шештім. Мұнда цех негізі қаланғаннан бері жұмыс істеймін. Мен өз мамандығымды өзгерткеніме өкінбеймін. Жаңа жабдықты игердім. Ал бұған дейін мен мұның қаншалықты қызықты екенін елестете алмадым, – деп бөлісті ораушы Ольга Могильникова.

Павел Заночи Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде слесарь-механик мамандығы бойынша білім алған. Ол оқуын бітіре сала, бірден Sunpaper-ге жұмысқа орналасқан.

– Басында қарапайым оператор болдым. Қазір 4-ші санаттағы қағаздан бұйымдар шығаратын машина машинисі, қағаз өнімдерін шығаратын үлкен желінің конвертерінде жұмыс істеймін. Жоғары техникалық білім алғанмын. Көп нәрсе менің біліктілігіме байланысты. Мен белгілі бір стандартқа сай болу үшін өнімнің сапасын бақылауым керек, – дейді маман.

Кәсіпорын Моноқалаларды дамыту, «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы. Биыл мұнда жаңа жоба жоспарланған - қазір шикізат шетелден сатып алынады, ал қағаз негізін өз бетінше дайындайтын болады. Есептеулер бойынша, бұл зауыттың қуатын жылына 21,4 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жомарт Шаймұрат
22.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 145
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 145
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 507
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 464

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9163
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11788
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769