ШАРДАРАДА ОН БІР КҮНДІК ЭКО-МАРАФОН ӨТТІ

 ШАРДАРАДА ОН БІР КҮНДІК ЭКО-МАРАФОН ӨТТІ
✔️Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, 2025 жылдың 27 қаңтар күні аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара ауданының 60 жылдығына орай, ауданның санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды тазарту және адамдарды табиғатты қорғауға шақыру мақсатында, эко-марафон бастау алған болатын. Марафонды аудан әкімі Араман Қарсыбаев пен ерікті жастар аудан орталығынан бастап, саябақтарды қоқыстан тазартты.
✔️Тазалық шарасында Шардара ауданының жастары “Біз табиғатты қорғауды өзімізден бастайық, табиғатты аялау – біздің міндетіміз” деген ұранмен бастап, эко-марафон барлық ауылдық округтерге жолданып, 10 ауылдық округте жалғасын тапты. 11 күнге созылған марафон бүгін яғни, 7 ақпан күні Достық ауылдық округінде өтіп, ауданның ерікті жастары мен тұрғындары атсалысты.
✔️Эко-марафон аясында қала, ауыл округтерінен 1000-нан астам ерікті жас қатысып, 14 техника жұмылдырылды. 18 шақырым ирригациялық жүйелер, 21 шақырым аяқжолдар, 50 шақырымнан астам көше бойлары тазаланып, 76 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.
📌Шардара ауданында жүзеге асып жатқан тазалық шарасы бір марафонның немесе науқанның аясында ғана емес, жыл бойы жүйелі түрде жалғаспақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
07.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 320
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 165
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 466
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 313

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18231
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18091
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33279
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31829
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35535