ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы ҚР чемпионаты өтіп жатыр.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты зілтемір шеберлері өзара бақ сынасуда. Аталған сайысқа шардаралық Алишер Тұрғанбай қатысып, алтын алқа жүлдегері атанды. 61 кг салмақ дәрежесіндегі ол жұлқа көтеруден 117 кг ал серпе көтеруден 140 кг, қоссайыс нәтижесінде 257 кг зілтемірді бағындырып, Түркістан облысынан шыққан ересектер арасындағы тұңғыш Қазақстан Республикасының чемпионы болды.
Жеңімпаздың жаттықтырушылары – Асхат Кубеев пен Талғат Өскенбаев.
Қатимолла РИЗУАНОВ, Атырау облысының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендері мен ондаған медаль иегері, мемлекеттік қызмет ардагері - 19.02.2026 54