Шаруалар көктемгі дала жұмыстарын несиелеуге 117 миллиард теңгенің өтінімін берді

Шаруалар көктемгі дала жұмыстарын несиелеуге 117 миллиард теңгенің өтінімін берді

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарына бюджеттік несие беру жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ баспасөз қызметі.

2023 жылы "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 миллиард теңге бөлінді. Өтінімді қабылдау басталғалы 2 аптаның ішінде шаруалардан жалпы сомасы 117,1 миллиард теңгеге 3 мың  321 өтінім келіп түсті. Тағы 1 мың 128 фермер құжат жинау сатысында.

 Қаржының көп бөлігі – 7,9 миллиард теңге несие серіктестіктері арқылы берілді. Микроқаржы ұйымдары арқылы фермерлер 800 миллион теңге рәсімдеген. Биыл несие алуды жеңілдету және жеделдету мақсатында Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыруды тек несие серіктестіктері, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырып жатыр. Агроөнеркәсіп субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық бес пайыздан аспайды.

Бұл қаражат жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер, минералды тыңайтқыш, тұқым сатып алуға және егін егу мен жинауға арналған өзге де іс-шараларға жұмсалуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдан бастап бағдарлама шарттары бойынша алғаш рет несиелеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды, бұрын несиелеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектелген болатын.

Сонымен қатар, оңтүстік аймақтар алғаш рет өткен жылдардағыдай сәуір айында емес, алдын-ала, яғни былтыр желтоқсанда қаржыландырылды. Сондай-ақ, 1 гектарға жұмсалатын шығыстар нормативінің мөлшері орта есеппен 25% - ға ұлғайтылды.

Несиелеу бойынша толық ақпаратты Аграрлық несие корпорациясының облыстық  филиалдарында немесе www.agrocredit.kz сайтынан алуға болады.

 

«Аграрлық несие корпорация» АҚ Баспасөз қызметі
08.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18112
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35569