Сарысу ауданы Жаңатас қаласында дәрігерлік амбулатория ашылды

Сарысу ауданы Жаңатас қаласында дәрігерлік амбулатория ашылды
 
Бүгін Жаңатас қаласы Дегерес елді мекенінде 30 келушіге арналған жаңа амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.
Аудан тұрғындарын қуанышымен аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ахметбеков құттықтап, аудан қариялары ақ баталарын берді.
Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы, гүлденуі оның дені сау, білімді, азаматтарына байланысты. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Биылғы жылдың өзінде 3 медициналық мекеме ашылды. Бүгін ашып отырған Дегерес елді мекендегі амбулаториядан қажетті әрі сапалы медициналық қызметті алуға мүмкіндік бар, — деген аудан әкімі ғимаратты салған кәсіпкерге алғысын айтты.
Салтанатты ашылуынан кейін қонақтар жаңа ғимараттың ішін аралап көрді, жаңа үлгідегі жабдықтармен танысты.
Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған денсаулық сақтау нысанының жалпы құны 132,3 млн теңге. Бас мердігер — «AKM GROUP» ЖШС.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
21.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 59
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 67
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 371
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 358

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18271
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18129
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33319
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31873
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35612