СЕМИНАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

СЕМИНАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2022 жылғы 25 тамызда үш күнге созылған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинары өз жұмысын аяқтады.

Соңғы күнгі сабақты Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Əдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Əділбекқызы Орманова жүргізіп, «Абай институты» жобасы туралы әңгімеледі.

2020 жылы іске қосылған «Абай порталы» жөнінде кеңінен айтты.

Бұдан басқа «tilalemi.kz» сайты көмекке келеді.

Оның айтуынша, «Абай институты» жобасыҚазақстан Республикасының консулдықтары арқылы және бірлесіп орындауға мүдделі отандық және шетелдік мекемелер мен ұйымдарды серіктестіктер арқылы бүкіл әлем бойынша қазақ тілін насихаттауға арналған жұмыстарды жүзеге асырады. Сондай-ақ шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирреденттері үшін қазақ тілін меңгеруді ілгерілетуге арналған, сондай-ақАбайдың шығармашылығы мен идеялары жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады

«Жалпы технологияның қатты дамып жатқан кезеңінде қазақ тілін оқытушыларға арнап осы бағыттағы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыру – кезек күттірмейтін мәселе. Соңғы екі-үш жыл көлемінде бірқатар жұмыс атқардықТіл оқытушы мамандардыңтарапынан сұраныс артып келеді. Осы үш күнге ұласқан бас қосудың өзіне әлемнің АҚШ, Германия, Испания, Польша, Түркия, Ресей, Иран Ислам Республикасы, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан секілді елдерінен 100-ге жуық адам қатысты»,деді Айгүл Әділбекқызы. 

Шара барысында Сүлейман Демирел университеті MDE орталығының ғылыми координаторы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Райхан Жалғасбайқызы Абнасырова мен осы аталған оқу орнының оқытушысы Əлия Маратқызы Закария қатысушыларға құнды ақпараттарын ұсынып, қызықты дәріс берді.

Өзбекстаннан Халима есімді әріптесіміздің«Курс ашып, жақсы істеген екен, қазіргі таңдағы тиімді де тың дүниенің есігін ашқандай болдық» деген пікірі көпшіліктің көкейіндегі ойды танытқандай.

Семинарды Орталықтың Бас директоры Ербол Тілешов қорытындылап, қатысушыларға арнайы сертификат табыстады.

26.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 161
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 167
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 381
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 964

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9041
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646