Сенат Төрағасы Германия елшісімен кездесті

Сенат Төрағасы Германия елшісімен кездесті

   Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесті. Сұхбаттасу кезінде Мәулен Әшімбаев таяуда ел Президенті жариялаған жаңа Қазақстанды құруға бағытталған жүйелі шаралар туралы айтты. Сенат Спикері осыған байланысты елімізде түрлі салада белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, олардың негізгі міндеті әлеуметтік теңсіздікті азайту, мемлекеттің экономикаға қатысуын төмендету, шағын және орта бизнесті жаппай дамыту екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ елдің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру да маңызды басымдықтардың бірі екені айтылды. Тараптар екі елдің парламентаралық байланысын әрі қарай дамыту перспективаларына кеңінен тоқталды. Одан бөлек, Қазақстанның Жаңа экономикалық бағдарын іске асыру аясындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды. «Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жаңа міндеттерді белгілеп берді. Президентіміз мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәселелерді шешу, банк саласын реформалау, барлық салада бәсекелестікті арттыруға тиісті жағдай жасау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы және басқа да реформалары экономикалық жүйемізді жаңартуды, оның ішінде шетелдік кәсіпкерлер үшін еліміздің инвестициялық ашықтығы мен тартымдылығын қамтамасыз етуді көздейді», – деді Мәулен Әшімбаев. Өз кезегінде Елші Қазақстан Президентінің реформаларына қолдау білдіріп, оларды елдің даму жолындағы маңызды қадам деп атады. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру аясында елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы ретінде Елшіге Германияның бірқатар дін лидерлері мен көрнекті саяси қайраткерлеріне Съезге шақыру хаты жолданғанын айтты. Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі биылғы қыркүйек айында өтетініне назар аударып, дипломатты Германиядан шақырылған делегаттардың Форумға қатысуына жәрдемдесуге шақырды.

Ермек САХАРИЕВ
09.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785