Сенатта сыртқы мемлекеттік қарыздар мәселесі талқыланды

Сенатта сыртқы мемлекеттік қарыздар мәселесі талқыланды

     Бүгін Сенатта елдің сыртқы мемлекеттік қарыздарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Депутаттардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесуін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Трұмов жүргізіп отырды. Ол: «Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарызының көлемі және квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышы 37,1 млрд долларды құрайды, бұл Ұлттық қор активтерінің 67 пайызы шегіне жақындады. Барлық дерлік министрліктердің, сондай-ақ жекелеген жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік сектордың сыртқы несиелері бар. Сондықтан олар үшін сыртқы несиелерді жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігі мәселелері маңызды және шешуші болуы керек», деп атап өтті. Сенаторлар бұл ақшаны тиімді пайдалануда сыртқы қарыздың өсуіне және мемлекет қаржысын тиімсіз пайдалануға әкелетін жүйелі проблемалар бар деп санайды. Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов атап өткендей, мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің және квазимемлекеттік сектордың көптеген жобалары бойынша қарызды игеруде қол жеткен нәтижелері туралы ақпарат жоқ әрі игеру мерзімі ұзартылып жатады. Сондай-ақ, жобаларды іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі толық ашылған жоқ және мемлекеттік органдар тарапынан осындай жобалардың іске асуына бақылау мен мониторинг әлсіз болып отыр. Комитет төрағасы кездесуді қорытындылай келіп барлық салалық мекемелер, бірінші кезекте Ұлттық экономика және қаржы министрліктері айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша жұмыс істеуі қажеттігін, сыртқы қарыздарды басқару мен реттеуді жетілдіру жұмыстарын жалғастыруы тиіс екенін қадап айтты.

Ермек САХАРИЕВ
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9175
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8573
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11801
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9571
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10781