«Сенім» орталығының ерекше балаларын құттықтады

 «Сенім» орталығының ерекше балаларын құттықтады

 Алматыда Бірлік күніне орай Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығының ерекше балаларын құттықтады. Орталықтың қызмет алушыларына мерекелік концерт ұйымдастырылып, сыйлық табысталды. Орталықта барлығы 112 ерекше бала тұрады, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 46 бала.

«Өзара қолдау арқылы біз барлық қиындықтарды жеңеміз. Сондықтан бұл мереке біздің халқымыз үшін ерекше. Орталықтар қызметінің негізгі миссиясы адамдарды біріктіру және олардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу екенін атап өтемін. Бұл жерде біз достар табамыз. Өйткені тек бірлік бізге өмір жолындағы барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Балалар мен орталық ұжымын шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім тілейміз», – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева.

Естеріңізге сала кетейік, «Сенім» орталығы 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Мұнда балалар стационар жағдайында тұрмыстық, медициналық және педагогикалық қызметтерден бастап, мәдени-демалыс іс-шараларын, экскурсияларды, мерекелерді және т. б. ұйымдастыруға дейінгі арнайы әлеуметтік қызметтерді алады.

Қызмет алушылардың тұруы жасына, физикалық жағдайына және психологиялық үйлесімділігіне қарай қалыптасады.  Мекемеде 10 топ бар, оның ішінде 3 топ – паллиативтік топтар, қалған 6 топ 10-нан 12-ге дейін өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары бар балалар тұрады. Стандартқа сәйкес Орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтердің жеті түрі ұсынылады: олар әлеуметтік-тұрмыстық,  медициналық, педагогикалық, психологиялық, мәдени,  құқықтық,  экономикалық қызметтер. 

ГАУҺАР ТҰРСЫНҚОЖА
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8774
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8174
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11403
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9157
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10388