Шерхан шындығы – имангер идеология жолындағы ағамыз еді

Шерхан шындығы – имангер идеология жолындағы ағамыз еді

«Тәуелсіз мемлекеттің табан тірер тұғыры – оның Жері» деген – тәсірсіз тәмсіл теңеу айтқан шындық шырақшысы, өз дәуірінің имангер бағыттаушысы атанған Шерхан Мұртаза ағамыздың туғанына 90 жыл толғалы отыр.Шу мен Таластың бойын жайлаған паң далада, әр ғасырлық дәуірдің осындай бүтін бір болмыс бейнесін жасап берген жазушы бұрынғы-соңғы тарихта аз емес. Бірақ қазақтан шыққан шыншыл жазушысы Шерхан Мұртазаның өзгеден ерекшелейтін бір қасиеті бар.Ол жазушының мерейтойы, туған күнін атап өту дегенді жақтыртпаған. «Адамды жасы көріктендірмейді, оны еңбекқорлық пен қарапайымдылығы көріктендіреді» дейді екен Шераға бір жазбасында.
Осы тұрғада алып қарасақ мерейтой иесіне қай құрмет болмасын лайықты және бұхараның сөзсіз қолдауы танылып тұрады.Елдің азаматы ретінде өз ойымды пайымдауға Облыстық «Ақ жол» газетінің кезекті санында жарияланған жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы ағамыздың «Қаратау қаласындағы мектеп-лицейге Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шерхан Мұртаза есімі берілсе…» атты мақаласы арқау болды.

Ел өмірінде орны айрықша, екі туып, қос қайталанбайтын тұлғалар болады. Өз заманында айбатты аға қазақтың көркем сөзі мен көсем сөзін қоғамдық мінбеге көтеріп, ата-бабаларымыздың айбынды рухын қайыра атқа қондырды. Ұрпақ санасын тәрбиеледі. Әдебиет әлеміндегі қазақ журналистикасындағы Мұртазаның мұнаралары мұнтаздай мұзарттар мәнзелдес. Шерағаң өмір бойы өрге жүзіп, қазақ қамы, алаш абыройы үшін жан күйдіре жұмыс істеді. Шерағаң – ұлт тәрбиешісі. Шығармалары да осылай туындайды!
Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында қазақ баспасөзінің негізгі діңгектерін басқарып, оның нығаюына ерен еңбек сіңірді.Қазақ әдебиетінің, журналистикасының ғана емес, идеологиясының қалыптасуына зор үлес қосты. Ол туралы кезінде Әбіш Кекілбайұлы «алдаспандай жарқылдаған сайыпқыран шешендердің бірі» деп бағасын беріп еді.
Әдебиеттің қоғам өміріндегі, адам тәрбиесіндегі роліне шәк келтірмеген, сондықтан да жаңа идеяларды жандандыруға, қоғамға, ұлтқа қызмет етуге, бүгінгі күн биігінен қарасақ, идеологиялық догматғақлиялардан азат жаңа әдебиет жасауға бар жан-тәнімен кіріскен және өз идеялары үшін күрескен буынның көш басында, сөз жоқ, Шерхан Мұртаза тұрды. Ойы да, сөзі де алмастай өткір, көл-көсір білімді, от ауызды, орақ тілді шешендігімен ерекшеленген жас прозаик әдеби көркем проза жанрына жекелік сипат дарытуға ұмтылды.
Табиғаты тамаша болғаны мен қытымыр қысы, аптапты жазы бар Жуалы өңірінің әсемдігі мен тылсым дүниесін сол жерде мекен еткен адамдар тағдыры мен астастыра бейнелеген жазушы әңгімелерінің идеясы да тартымды болып келеді. Тарихта терең із қалдырып,жазықсыз жандардың қанына малынған кешегі Ұлы Отан соғысы тұсындағы қазақ халқының басындағы шырғалаң қалы Ш.Мұртаза әңгімелерінің арқауы. Соғыс жылдарындағы ауыл өмірінің қилы бейнесі сомдалған «Сол бір күз», «Ақсай мен Көксай», «Бойтұмар», «Айырбас», «Жүз жылдық жара», «Интернат наны», «Қасқырдың тарамысы» әңгімелері оқиғаны басынан кешірген басты кейіпкер атынан баяндалады.
Мақаладағы Көсемәлі ағамның мына сөзі тәрибеге ұштап тұрғандай: «Шүкір дейтініміз, 85 жасқа толған кездегі тойына жиналған халықтың қуанғанын, құттықтағанын көріп, жылы лебіздерін естіп «Ұзақ уақыт неше түрлі мақтау сөздер айтылды. Соның бәрін құлағыма құйып алып жатырмын. Осы сөздің бәрі рас болса, рақмет. Әрине, елімнің бақытты адамымын. Жақсылықты алдан күтемін. Болашақтың аспаны керемет нұрлы сияқты болады да тұрады. Ол кезде мен аспанға… ұшып кетермін. Түсіме ылғи Шолпанжұлдыз кіреді…» деген сөзі құлағымда әлі тұр. Арманы шығар. Айтқаны келсін лайым».
Жақсылығын алдан күткен азаматтың биыл 90 жылдық мерейтойы да жақын қалды.Қалам ұстағанның бәрі жазушы емес деген ұғымды ұстансам, Шерхан Мұртаза жайында жоғарыда аз-кем сипаттай келе облысымызда атқарылып жатқан шаруа аз емес.Мерейтой иесінің өзі жақтыртпасада, жазушы алдындағы ұрпақ парызы өтеуге лайықты.Өз басым ескерткіш дегенде елеңдеп тұратыным тағы бар.Шерхан ескерткішінің орны жайын көп пікір-таластар болуда.Ел болып кеңесіп шешкен дұрыс-ақ.
Сонымен қатар жазушының қаламдастары арасынан оза шауып, мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Қара маржан» деген романын жұрт жақсы біледі.Шығармада Шерағаң Қаратау байрауындағы кеншілердің тауқымет тағдыры жайлы тебірене толғаған.Қазыналы Қаратаудың бойын тел жайлаған қос қаланың іргесін қалап, зауыттарын салған, тас қопарып, кен өндірген жұмысшылардың қайсарлығын жырға қосқан.
Қорыта келе айтпағым осы Қаратау қаласында 1957 жылы мектеп-интернат боп ашылған рухани-ордалы ғимарат бар. Шерағаңның өрімдей жалындаған жастық шағының белгісі, әрі тарихтағы көненің көзі. Сол жылдардан бері осы кезеңде бүгінге дейін талай белестен өтіп, 2018 жылдан бері мектеп-лицей мәртебесін алған рухани білім ұясының атауын неге Шерхан атымен атамасқа. Білім шаңырғандағы тәлімнің бастауы Шерханға ұқсап ұрпақ өсер деген ой келіп тұрады әркімге.Кешегі жылдары «көшеге көкемнің, ауылға атамның» да атын берген едік қой.Шерхан есімін есте қалдыруда Таластық ағайынның қосар үлесі мол.Бұл істе Республикалық ономастикалық коммиссияның аса қолдауы керек.Кеншілер қаласындағы тарихи білім ұясына қайраткер-қаламгер Шерхан Мұртазаның атын-жөнін беру ұрпақ алдындағы өтелген бір парыз болары даусыз.
Менімше, жазушы Көсемәлі ағамыз көтерген тың бастаманы өңірдің атқа мінер азаматтары, Таластағы ел руханияты мен мәдениеті жолындағы қалың жұрты, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пен Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек қолдайды деген үлкен сенімім бар.
Жүзі суық болғанымен, мінезі жібектей ағамыздың мерейтойы тарихта қалар Алаштың тойына айналары хақ!

 

АЛМАС МҰХТАР
06.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 260
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 394
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 390
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 620
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 563

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9265
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8661
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11888
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9661
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10870