Шетел асқан миллиардтар оралып жатыр

Шетел асқан   миллиардтар   оралып жатыр

«Қайтқан малда қайыр бар» демекші,  ел қазынасынан жымқырылған, шетелге заңсыз шығарылған 230 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл бер жағы дейді мамандар. Егер әлі де індете түссе, бұл сома еселене түсеріне сенімді олар. Бір заманда алғашқы Президент Нұрсұлтан Назарбаев та маңайына шоғырланған бай-бағландарға «елден заңсыз жолмен шығарған қаржыларыңды қайтарыңдар» деп жекіп, уақыт та белгілеген. Бірақ оны тыңдаған шенеунік аз.  Ешкім тыңдамағасын, ақырында жай сөз болып қалған еді. 

Екінші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарқыны қатты. Айтқан сөзі атылған оқтай дөп тиіп жатыр. Сөзі мен ісі де қабысып тұр. Шетел асқан ақшаларды жіті тексеріп жатқан билік алғашқы нәтижеге де қол жеткізді.  Бас прокуратура бастаған ведомствоаралық арнайы комиссия шекарадан заңсыз шығарылған 230 млрд теңгенің мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Қомақты қаржы қазір қамауда отырған бизнесмендер – Қайрат Сатыбалды мен оның әйелі Гүлмира Сатыбалды, сондай-ақ Қайрат Боранбаевқа тиесілі көрінеді. Миллиардтарды олар өз еркімен қайтарыпты. Арасында шетелге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшылары асырған ақша да бар.

Президент тапсырма бергеннен кейін қазір елден ақша саналып шығатын болды. Ал заңсыз шетел асқандарын билік қайтаруға күш салып жатыр. Жарты жылдан бергі жұмыстың алғашқы нәтижесі жаман емес. Бас прокуратура жетекшілік ететін Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия  отырыстарын өткізіп, тың деректерді жариялады. Бірақ әзірге қылмыстық істер бойынша ғана. Қамауда отырған қалталылар Люксембургтен 170 млн доллардан астам ақшаны, яғни қазіргі айырбас бағамына шақсақ, 81 млрд теңгені өз еркімен қайтарған. Еске салсақ, Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» компаниясының қаражатын аса ірі көлемде жымқырды және лауазымдық қызметін асыра пайдаланды», ал Қайрат Боранбаев «Квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды» деген күдікпен темір торға тоғытылған болатын. Боранбаевқа қатысты іс бойынша Қаржы мониторингі агенттігі «Қазмұнайгазға» шамамен 11,3 млрд теңге өтелген. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру органдары қабылдаған шаралармен шамамен 230 млрд теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарды. Тергеп-тексеру органы «Қазақтелеком» АҚ, «Көліктік сервис орталығы» АҚ және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 млрд теңгені өтетті. Бас прокуратура байларды ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерін де тінтіген. Қамаудағы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі шамамен 3 млн АҚШ долларды, теңгеге шаққанда, 1 жарым миллиардты қазынаға қайтарыпты. 

Мемлекетке ақшадан бөлек, қылмыстық іс қозғалған, халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтардың мүлкі де қайтарылады. Сот шешімі болмаса да, Бас прокуратура іске кірісіп кеткен. Әңгіменің ауаны «Азия-Авто» компаниясы туралы болып отыр. «Форбес» тізіміне енетін байлардың бірі, іздеуде жүрген Анатолий Балушкиннің 77 жылжымайтын мүлкі тәркіленбек. Олардың ішінде Шығыс Қазақстандағы «Рахман қайнары», «Порт Фортуна» сияқты демалыс орындары бар. Сондай-ақ, ұзақ жылдан бері құқық қорғау орындары таппай жүрген Виктор Храпуновтың да Шығыс Қазақстан облысындағы жер учаскелерін тәркілеу үшін іс қозғалыпты. Ведомствоаралық комиссия OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі ісі бойынша мәліметті жария етті. Белгілі болғандай, букмекерлік кеңсенің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында 5,5 млн доллар мен 200 мың еуро тәркіленіпті. Бұл қыруар қаржы Ұлттық банкке аударылмақ.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 71
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 72
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 184
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 400
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 363
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 982

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9059
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8456
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11683
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9445
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10663