Сеулдегі қасірет

Сеулдегі қасірет

Соңғы мәліметтер бойынша, Итэвонда (Сеул, Оңтүстік Корея) Хэллоуинді тойлау кезінде жаппай қысымнан151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шексе, 100-ге тарта адам ауыр жағдайда көрінеді. Оларды Итэвон ауданындағы Гамильтон қонақ үйі маңындағы Хэллоуин мерекесі кезінде тар көшеде алға жылжып бара жатқан үлкен тобыр басып қалған. Оңтүстік Кореядағы ҚР елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. ҚР СІМ баспасөз қызметі: «Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматшасы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан қыздың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде», – деп хабарлады.

Ермек Сахариев
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 77
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 85
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 384
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 368

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18285
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18143
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33335
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31886
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35627