Шиналар, химиялық заттар, майлық қағаз – Қарағанды облысында қандай жаңа өнімдер шығарылады

Шиналар, химиялық заттар, майлық қағаз – Қарағанды облысында қандай жаңа өнімдер шығарылады

Қарағанды облысы өз өнімдерін әлемнің 40 еліне жеткізеді. Алдағы уақытта экспорттық әлеует артуы мүмкін. Сондықтан кейбір тауарларды шетелден әкелудің қажеті болмайды.

Жаңа өндірістерді құру, импортты алмастыру бойынша 2022 жылға арналған жоспарлар туралы өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков баяндады.

– Облыс өнеркәсібі тұрақты дамып келеді. Биылғы жылға қандай мақсаттар қойылды?

– 2022 жылға өнеркәсіп өндірісі 2%-ға өсумен 4,2 трлн теңге деңгейінде жоспарланған. Инвестициялар да оң динамика көрсетеді деп күтілуде – 835 млрд теңге, өсім 2,8%. Олардың негізгі үлесі жеке инвестицияларға келеді. 2025 жылға дейін 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Биыл 16 жоба аяқталуы тиіс, олар облыс тұрғындарын 2200 жұмыс орнымен қамтамасыз ете алады.

– Жобалар туралы толығырақ айтып берсеңіз. Импортты алмастыру бойынша қандай жоспарларыңыз бар?

– Ең ірілерінің бірі – Балқаш қаласындағы қуаты 100 мегаватт күн электр станциясы, Qaz Carbon компаниясының агломерациялық зауыты, «Беркут» СП» ЖШС өнеркәсіптік жарылғыш заттар шығаратын зауыты. YDD Corporation ферроқорытпа зауытында төртінші пешті іске қосу жоспарлануда, бұл оның қуаттылығын арттырады.

Жезқазғанда жыл соңына дейін «Қазақмыс» корпорациясының тәжірибелік гидрометаллургиялық зауыты іске қосылады деп күтілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру жылдар бойы жинақталған мыс балқыту қалдықтарын жаңа технология бойынша өңдеуге мүмкіндік береді.

Саран қаласында ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірлесіп KamaTyresKZ шина шығаратын зауыт салынып жатқанын білесіздер. Жоспар бойынша осы жылдың соңында іске қосылады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты бірінші кезеңде жылына 3,5 млн дана дөңгелекті құрайды. Мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Саран қаласында орналасқан майлықтар мен қағаз сүлгілер шығаратын Sunpaper компаниясында да жақсы жаңалықтар бар. Өнімдер сұранысқа ие, тұтынушылар арасында сауда үйлері, дәмханалар мен мейрамханалар, қонақ үйлер, ірі компаниялар бар. Кәсіпорын қазір шикізатты Ресейден және басқа елдерден сатып алып жатыр, енді өнімдерді өз күшімен шығара бастайды. Бұл жергілікті қамтуды арттырып, өндірісті кеңейтеді. Есептеулер бойынша жоба жүзеге асырылғаннан кейін қуаттылық жылына 21,4 мың тонна қағаз өніміне дейін ұлғаяды.

Облыста тау-кен өнеркәсібі үшін геомембрандар, металлургия кәсіпорындары үшін химиялық реагенттер өндірісін жолға қою жоспарлануда. Бұл импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған өнімдер.

– Облыстың сыртқы сауда айналымы артып келеді. Экспорт құрылымында не басым? Қарағанды өнімдерін қай елдер сатып алады?

– Қарағанды облысы өнеркәсіп өнімдерін әлемнің 40 еліне экспорттайды. Жеткізудің ең көп көлемі Ресей мен Қытайға тиесілі. Басқа серіктестер Өзбекстан, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Евроодақ елдері.

Экспорттың негізгі түрлеріне қара және түсті металлургия, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, машина жасау, резеңке және пластмасса бұйымдары, кабель және сым бұйымдары жатады.

Жаңа өндіріс орындары іске қосылған сайын облыстың экспорттық мүмкіндіктері де арта түседі.

Жомарт Шаймұрат
18.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 146
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 146
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 507
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 464

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9163
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11789
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769