С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының жаңа заманауи ғимараты пайдалануға берілді

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының жаңа заманауи ғимараты   пайдалануға берілді

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. 

Аталмыш шараға Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсақожаева, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, Канн кинофестивалінің «басты әйел рөлі үшін» сыйлығының иегері Самал Еслямова, генерал-лейтенант Абай Тасболатов және мәдениет пен өнердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның басқа да көрнекті өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөздерін оқып берді.  

«Өңір тұрғындарын айтулы оқиғамен – Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының жаңа ғимаратының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Ширек ғасырға жуық тарихы бар Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ театрының сахнасында 100-ден астам драмалық шығармалар қойылды. Ұжым өзінің шығармашылық әлеуетінің арқасында республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде үлкен биіктерге жетті. Театр қабырғасынан әлемге әйгілі киноактриса Самал Еслямова мен режиссер Фархад Молдағали сияқты таланттар шықты. Сіздерге үлкен шығармашылық табыс, жарқын ізденістер, табысты жобалар тілеймін!» – делінген Президент құттықтауында. 

Қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтай отырып, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Солтүстік Қазақстанның аумағы атақты ақындар мен жазушылардың отаны екенін атап өтті.

«Бұл жерде Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов дүниеге келді. Бүгінде Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театры қазақ халқының ұлы ұлдары туралы естелік сақтаушылардың бірі болып табылады. Театр труппасына біздің мәдениетіміз бен өнерімізді дәріптеу бойынша үлкен миссия жүктелген», – деді министр Дәурен Абаев.

Бұл – солтүстікқазақстандықтар үшін көптен күткен зор оқиға. Қызылжар өңірінде  бірегей сәулеті бар тағы бір нысан пайда болды. Қазақ театрының жаңа ғимараты қаланың басты көрікті жеріне айналады.

«Театр – рухани, мәдени және тарихи орталық. Қоғамды дамыту үшін экономикамен қатар өнер саласын да дамыту қажет. Елде білімді, мәдениетті және еркін азаматтарды қалыптастыру үшін жағдай жасау қажет. Рухани құндылықтарға негізделген қоғамның қалыптасуы жүріп жатыр. Өнерге жақын адам жоғары стандарттарға ұмтылады», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Ресми бөлімнен кейін қонақтар Сәбит Мұқановтың пьесасы негізінде қойылған «Шоқан Уәлиханов» спектаклінің премьерасын тамашалады.

 

Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 338
ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 375

Топ жаңалықтар

1
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 297
2
ТҮРКІСТАНДА «ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ – АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 296
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 295
4
Елнұр Бейсенбаев: "Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады"
Show more
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі - 2023-01-28 293
5
Парабиатлон: Ербол Хамитов – қола жүлдегер
Show more
Ермек Сахариев - 2023-01-26 139