Соғыстың соңғы солдатын "Алғыс айту" күнімен құттықтады

Соғыстың соңғы солдатын "Алғыс айту" күнімен құттықтады

1 наруыз - Алғыс айту күніне орай аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Жамбыл ауданындағы Ұлы Отан  соғысының соңғы ардагері Қасен Шанбаевтың шаңырағына арнайы барып, тағылымдық мәні бар мерекемен құттықтады.

Ғасырға аяқ басқан Қасен Шанбаев - жеңіс сағатын соқтыруға үлес қосқан ардагер.

 – Еліміздің жадынан халық үшін жанын берген қаһармандар ешқашан ұмытылмайды. Соғыстан кейінгі қиын-қыстау шақта елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан өзіңізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Бүгінде еліміздің жарқын күнге ұмтылуы, жастардың болашаққа деген ынта-жігері мына өздеріңіздің арқаларыңызда, - деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Өз кезегінде ұрыс даласының қаһарманы ақ батасын беріп, елдің тыныштығын тіледі

Сондай-ақ аудандық орталық аурухананың дәрігерлері ардагердің денсаулығын тексерсе, аудан жастары қарияға құрмет көрсетті.

Бүгінде Қасен атадан тараған 3 ұл,  3 қыздың қатары 16 немереге, 41 шөбереге, 5 шөпшекке жетіп отыр.

Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, ауыл әкімі Дәрмен Дәулет, аудан әкімдігі "Жастар ресурстық орталығының" директоры Жандар Тоқсаба қатысып отырды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
28.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 184
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 198
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 464
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 270

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18376
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18236
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33424
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31976
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35742