СӨЗ БЕН ІС АҚЫЛ-ОЙҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ

СӨЗ БЕН ІС АҚЫЛ-ОЙҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ

Құрметті ғалымдар мен болашақ ғұламалар, ғылым жолын таңдаған жастар!

Кәсіби мерекелеріңіз - Ғылым қызметкерлері күні құтты, баянды болсын!

Ғылым - мемлекетіміз арқа сүйер салалардың маңыздысы, табан тірейтін ұлт құндылықтарының бірі екендігі белгілі. Ол қоғамды дәйім алға бастайды. Руханиятты, технологияны дамытып, тыңнан жол ашады, еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көрсетеді. Экономикалық өсу ғана емес, миллиондаған адамдардың өмір сапасын арттыру да ғылым қызметкерлерінің жетістігіне тікелей байланысты.

Күнделікті еңбегі ғылыми ізденіспен, зерттеумен ұштасқан барша азаматтарға берік сенім мен төзім, көтеріңкі көңіл-күй, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс тілейміз.

Еліміздің жоғары оқу орындары иеленген ғылыми орталық мәртебесіне лайықты іс атқарып, жас ғалымдар мен олардың кеңесін қолдау арқылы ғылыми жаңалық ашып, жаңа есімдердің шығуына жағдай жасайды деп сенеміз. Сонда ғана әлемдік ғылымның дамуына отандық ғалымдарымыздың қосар үлесі мол болмақ. Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтің: “Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім. Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек” - деген өсиеті де ғылым қызметкерлеріне арналғандай, ешқашан күн тәртібінен түспесе керек. 

Сабақты ине сәтімен демекші, ғылым саласында қал-қадерінше маңдай терін төгіп жүрген бірқатар бауырларымызды, туған-туыстарымыз бен достарымызды, әріптестерімізді де айтулы кәсіби мерекемен құттықтаймыз.

Дархан МЫҢБАЙ
12.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540