Сөз бостандығы лағып сөйлеу емес...

Сөз бостандығы лағып сөйлеу емес...
Екі жыл талқыланған «Масс-медиа туралы» заң қабылданды. Енді бұл заңды іске асыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі шығарған аккредитациялау мәселесіне қатысты қағида жан-жақты талқылануда.
Жалпы, журналистке аккредитация беру мәселесіне қатысты дауды тудырған Ақпарат министрлігі емес, Сыртқы істер министрлігі (СІМ) тұғын. Сыртқы саясатпен шұғылданатын ведомствоның мұхиттың арғы жағымен қандай саяси сауда жүргізгенін білмейміз, бірақ АҚШ-тың мемдепартаменті қаржыландыратын “Азаттық радиосының“ бірнеше журналистіне акрредитация бермей қойған. Осы дау Қазақстан журналистикасына қатысты “Масс-медиа туралы” заңның объективті талқылануына кесірін тигізді. Қазақстан “жабық қоғам құруға, цензураға” бет алды деген нарратив күшейіп тұр. Мұны көбіне шетелден қаржыландырылатын ұйымдар мен орыстілді Тамара Валль, Айнур Коскина секілді журналистер қоздатуда, журналистерге қандай да бір жиынға “аккредитация алу мәселесі қиындайды” дейді.
Шындығында, мемлекеттік болсын, жекеменшік компания болсын, өзі ұйымдастыратын жиынға қандай журналисті шақыруды, қандай журналисті кіргізбей қоюды бұрыннан өзі шешетін. Дәл осындай шектеуді саяси партиялар да, оның ішінде оппозиция да қолданып жүрді. Естеріңізде болса, Жанболат Мамай да, Жармахан Тұяқбай да өзі ұйымдастырған жиынға келген кейбір журналисті ғимараттан қуып шыққан. Әрине, бұл демократиялық ұйымның принципіне қайшы, журналистің ақпарат алу және оны тарату құқығын шектеуге бағытталған әрекет. Сондықтан болса керек, журналистердің қоғамдағы статусын бекіту үшін Ақпарат министрлігі аккредитациялау принципін заңға енгізіп, соның ережесін нақтылады. Онда жиынның регламентін және қоғамдық тәртіпті сақтауды журналистерге де міндеттейді.
Мысалы, кез келген жиынның өз тәртібі болады. Кейбір көргенсіз журналистер жиын өтіп жатқан залды әрі-бері ойқастап фото-видео түсіруге кедергі жасайды. Немесе “мен не деймін, домбырам не дейдінің” керін келтіріп, жиын тақырыбына тіпті қатысы жоқ сұрақ қойып, ойды басқа жаққа алып кетеді. Мысалы, “Ақ жол” партиясы экология мәселесі бойынша жиын өткізіп жатыр делік. Әлдебір топтың мүддесі күйттеп, тапсырмамен келген журналист Перуашевтың білезігіне таққан сағатының құнын, брендін сұрап лағады. Немесе парламентке аккредитацияланған журналист Қошановтың көстем-шалбарының бағасын сұрап қыртады. Мұның бәрі жиын регламентін әдейі бұзу ғана емес, нақты мәселені жазуға келген журналистердің өзіне де кедергі. “Масс-медиа туралы” заңға байланысты шығарылған аккредитацияның ережесі дәл осы келеңсіз жағдайды реттеуге, заңды жолмен ақпарат алып, оны таратуға құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған деп ойлаймын...
Анығын Ақорда біледі.
Qazdauiri
19.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 15
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 16
СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНДЫ
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 1
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 7
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 10
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 12
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 16
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545