Спорт елшілері Ташкентте

Спорт елшілері Ташкентте

    Ала шапанды өзбек акалар Тасқалада жер-жерден жиналған белгілі боксшы, балуан зілтеміршілермен достық әрі ынтымақтастық рухта     түрлі кездесулер өткізді. Қазақстан намысын олимпиада және әлемдік додаларда қорғап жүрген боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов та аталған шараға арнайы шақырылғандар қатарында. Олар әлемге әйгілі ресейлік, қытайлық, пәкістандық спортшылармен қатар шеберлік сабағын ұйымдастырып, елдер арасындағы достықтың ерекше үлгісін көрсетті.

Жалпы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясында спорт елшілері алғаш рет таңдалып отыр. Біздің мемлекет әуелгі жолы боксшыларын жіберді. Бастама салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға сеп болмақ. Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов: «Мықты спортшыларды көріп, тәжірибе алмастық. Бұл, әрине, спорттың достықтың, тыныштықтың белгісі екендігінің дәлелі. Шаршы алаңда өзбек ағайындармен қарсылас болсақ та, сырттай доспыз», – десе, бокстан олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев: «Олимпиада және паралимпиада комитеттерімен танысып, оларды аралап шықтық. Көңіл қуантатын жағдай, Өзбекстанда барлық спорт жақсы дамып келе жатыр екен. Әлбетте, бәсекелестік деген жақсы ғой. Көрші мемлекет болған соң бір-бірімізбен бәсекелесіп, көп мемлекетті артта қалдырып келе жатырмыз. Өзбектердің іс-әрекеттері біздің елдің де бұқаралық спортына айтарлықтай игі ықпал етеріне сенім зор», – дейді. 

 

Ермек Сахариев
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 342
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 486
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 331
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 190

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18246
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18106
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31845
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35560