СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНДЫ

СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНДЫ

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылында көптен күткен спорт кешені есігін ашты. Президенттің бұқаралық және балалар спортын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, жаңа нысан ауыл жастарына дене шынықтырумен және спортпен айналысуға үлкен мүмкіндік береді.

Бұл жоба 2021 жылы бастау алған. Үш жыл бұрын «Ер-Қанат сервис» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, металл конструкциялардың толық монтаждау жұмыстары жүргізілді. Алайда 2022 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоба уақытша тоқтатылды. Мердігер жобалық-сметалық құжаттаманы қайта түзету қажеттігін алға тартты.

Облыс әкімінің бақылауында болған құрылысқа биыл Мәртөк ауданының бюджетінен 219 миллион теңге бөлініп, тоқтап қалған жұмыстар қайта жанданды. Бүгінгі таңда спорт кешені толық дайын.

Қазірдің өзінде спорт кешенінде 42 бала қазақ күресімен тұрақты түрде айналысуда. Алдағы уақытта кешенде волейбол, футбол, еркін күрес, тоғызқұмалақ және үстел теннисі секілді спорттық үйірмелер ашу жоспарлануда.

Нысанның ашылуымен бірге 10 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Мәртөк ауданы әкімі Медет Ысқақов бұл кешеннің ауыл жастарының спорттық белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға маңызды үлес қосатынын айтады. 

М.Табын, Ақтөбе облысы
23.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540