Ставка төмендейді, кейбір азаматтарға кредит берілмейді

Ставка төмендейді, кейбір азаматтарға кредит берілмейді

   Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова үкімет отырысында: «Агенттік президенттің тұтынушылық кредитті реттеу тапсырмасын орындау үшін бірқатар шараны жүзеге асырады. Банктерге және микроқаржы ұйымдарына қатысты тәуекелі жоғары тұтынушылық кредиттер бойынша қосымша шектеулер енгізу қарастырылады. Нәтижесінде төлем жасау қабілеті жеткіліксіз қарыз алушыларға кредит беру шектеледі. Сондай-ақ үкімет әзірлеп жатқан «Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заң жобасы аясында жеке тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кредиттері бойынша, оның ішінде коллекторларға берілген проблемалық берешекті реттеу жөнінде шаралар қабылданады. Жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды реттеу күшейтіледі. Ол үшін ставкалардың шекті мәнін төмендету, сондай-ақ кредит бойынша сыйақының тиімді ставкасы есебіне қарыз алушының кез келген комиссиялары мен төлемдерін қосу көзделіп отыр. Бұл жаңадан берілетін кредиттер бойынша халықтың борыш жүктемесінің өсуін шектейді»,— деп мәлімдеді.  

  Еске салсақ, 12-і қаңтарда мәжілісте өткен жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың кредитті көп алып жатқанына назар аударған болатын. Тұтынушылық кредиттердің мөлшері бизнесті кредиттеу көлемінен асып кеткен. Президент бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін екенін ескерткен. Осыған байланысты мемлекет басшысы шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциялық реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырған-ды.

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9192
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11818
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9587
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10801