Студенттер шеберліктерін шыңдады

Студенттер  шеберліктерін шыңдады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, Филология факультетінің «Шет тілдер» кафедрасының  мұғалімдері Г.Б.Қыдырбаева, Г.С.Махарова, Б.М.Саякова, А.Ә.Әбдіжаппардың ұйымдастыруларымен республикалық деңгейде, «Физика және Техникалық» факультетінде бакалавр студенттерінің арасында «Климаттың өзгеруі және онымен күресу» атты арнайы іс-шара өткізілді. 

Бұл іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Физика және Техникалық факультетінің 1 және 2 курс студенттері қатысты. 

Іс-шараның мақсаты – бакалавриат студенттеріне ағылшын тілінде өздерінің шығармашылық және сенімді сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру, шығармашылық шабыт пен ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға, әртүрлі білім орталықтарымен пікірлес студенттер желісін құруға көмектесу.  

Кешті филология кафедрасының меңгерушісі Ж.Ж.Досмағамбетова ашып, арнайы іс-шараға құттықтау сөз айтып, презентациямен сөз сөйлейтін студенттерге сәттілік тіледі. Құттықтаулардан кейін алғашқы болып Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері іс-шара тақырыбына байланысты әрбір жергілікті жерлердегі, түрлі ауқымды мәселелерді көтерген презентацияларын ағылшын тілінде қорғап, кезекпен-кезек әр университеттен қатысушы студенттерге сөз беріліп отырды. Марапаттау рәсімін «Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Г. Б.Қыдырбаева, жүргізіп, студенттерге ризашылығын айтып, өнерлерін ары қарай шыңдай берулеріне ізгі ниетін білдірді. Сонымен қатар өз шәкірттерін дайындап, осы іс-шараға арнайы қатысуға себепкер болып келіп отырған ұстаздарға да алғыс айтылып сөз берілді. 

Өнерлерімен ерекше көзге түскен студенттерге арнайы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің атынан Мақтау қағаздары мен сертификаттары табысталды. 

 

 

 

Г.Б.ҚЫДЫРБАЕВА, Шет тілдер пәнінің оқытушысы
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 59
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 109
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 35
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 21

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 337
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6439
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8053
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6520
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6655