Батыс Қазақстан облысына қарасты Теректі ауданының тұрғындары арасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
БҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Теректі ауданының №1 пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Виктор Сохин жергілікті колледждің бірінші және екінші курс студенттерімен кездесті. Бұл іс-шара кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі органдарында қызмет атқару тақырыбына бағытталды.
Аудандық №1 пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Виктор Викторович студенттерді қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің әлеуметтік жеңілдіктері, қызметке орналасу шарттары туралы ақпараттармен таныстырды. Сонымен бірге оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.