Су тасқынына кім кінәлі?

Су тасқынына кім кінәлі?

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов биылғы су тасқыны кезеңінің мәсе- лелері жөнінде кеңес өткізді. Төтенше жағдай- лар министрі Юрий Ильин: «Бүгінгі таңда Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Су тасқы- ны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары- ның 8 елді мекенінде 184 тұрғын үй және 72 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалған. ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен Батыс Қа- зақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қарағанды облыстарындағы 184 үйден, Ақтөбе қаласын- дағы 17 саяжай үйінен, сондай-ақ 2 әлеуметтік нысаннан су шығарылды. Су басқан 57 саяжай үйі бақылауда тұр. Бүгінде Қазақстан өңір-

лерінде 969 адам эвакуацияланды, олардың 493-і уақытша паналау пункттерінде, 476-сы туыстарының үйлеріне орналастырылды. Ақтөбе облысындағы республикалық маңы- зы бар жолдың бір учаскесін, облыстық және жергілікті маңызы бар 12 учаскені су басқан. Жергілікті маңызы бар автожолдардың 15 учаскесін су шайып, Ақтөбе облысындағы бір көпір қирады. Апаттық-құтқару жұмыстарына 2 мыңнан астам адам, 500 техника, су сорғыш құралдар мен жүзу құралдары жұмылды- рылды. Су тасқыны жағдайының күрделенуі- не байланысты Батыс Қазақстан облысына Маңғыстау және Атырау облыстарынан ТЖМ қосымша құтқару бөлімшелері, жеке құрам- нан 92 адам, 13 бірлік техника, жүзу құралда- ры мен мотопомпалар жіберілді. Орын алған

жағдайға ауа-райының күрт жылынуы ықпал етті, бұл қардың тез еруіне және егістіктерден еріген қар суларының келуіне себеп болды. Тек соңғы аптада елдегі қар жамылғысы 60- тан 40%-ға дейін төмендеді. Соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты елімізде бо- лып жатқан процестер су тасқыны жағдайы- на түбегейлі әсер етеді, өйткені соңғы 50 жыл және одан да көп уақыт бойы су басу мәселесі болмаған елді мекендерде су басу жағдай- лары тіркеліп жатыр. Орын алған жағдайдың негізгі себептері – қардың уақытылы шыға- рылмауы, су өткізу құрылыстарының, дренаж- дық немесе арық жүйелерінің жеткіліксіз таза- лануы, инертті материалдар қорының дайын болмауы», – деп хабарлады.

Ермек САХАРИЕВ
07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5735
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5880
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20856
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19480
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22946