Су жүйелерін жөндеу жұмыстары сараланды

Су жүйелерін жөндеу жұмыстары сараланды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте каналдар мен су қоймаларын жөндеу және оларға су толтыру және тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту жобасының орындалу барысы қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы Гүлмира Имашева және «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Ерлан Өтегенов, Жамбыл су қоймаларының басшысы Нарбай Ергебеков баяндама жасады. Олардың айтуынша, бүгінгі күнге Жамбыл облысындағы республикалық меншіктегі су қоймалардың жиналған судың орташа көлемі 40-50 пайызды құрайды. Сонымен қатар, тасқын суды қабылдауға толығымен дайын. Жалпы бүгінгі күнге «Қазсушар» Жамбыл филиалына қарасты су нысандарының жағдайы бір қалыпты және пайдалану ережелеріне сәйкес жұмыс істеуде. Дегенмен, аймақ басшысы су жүйелері мен қоймаларын жөндеу, реттеу бойынша құрылыс жұмыстарының созылып жатқанын сынға алды. - Жобалық-сметалық құжаттама жұмыстарын кешіктіріп отырсыздар. Қағаз жұмыстарын тезірек аяқтап, нақты істерге көшу керек. Вегетациялық кезеңге толығымен дайын болу тиіспіз,-деді Нұржан Нұржігітов. Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасының екінші кезеңі бойынша да аймақ басшысы сылбыр жұмыстарды сынға алып, бөлінген қаржыны қатысушыларға 1 наурызға дейін үлестіру қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ облыс әкімі жобаға енген округтердегі әлеуметтік мәселелерді де қатар кешенді түрде шешуді тапсырды. Нұржан Нұржігітов бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 103
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 115
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 345
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 576
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9224
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8620
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11846
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9616
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10829