Субсидиялау бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе әзірленді

Субсидиялау бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе әзірленді

               

    АӨК-тің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларын дамыту қорытындылары, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздіктің жай-күйі, инвестициялар тарту және 2022 жылға арналған міндеттер туралы айтқан ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында: «2021 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,4 пайыз төмендеп, 7,4 трлн теңгені құрады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі көрсетілген кезеңде 1,9 пайызға өсіп, 2,2 трлн теңге болған. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ағымының тұрақты үрдісі сақталып отыр. Осылайша, инвестициялар көлемі 33,3 пайызғаартып, 773,2 млрд теңге болды, азық-түлік өндірісі 3,1 пайыз өсіп, 114,4 млрд теңгені құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзету бойынша ұсыныстар әзірленді, олар биылғы наурыз айында ұсынылатын болады. Ветеринария жүйесін реформалау жүргізіліп жатыр, «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң әзірленді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерлерін айқындау бойынша жұмыс басталды. Субсидиялаудың жаңа жүйесіндегі басты жаңалықтардың бірі – оны цифрлық форматқа ауыстыру болады, бүгінде субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірленіп жатыр. Оның негізгі қызметі – автоматты режимде субсидия алушылардың тізілімін қалыптастыру, олардың ЭҚЖЖ бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер санатына сәйкестігін тексеру, субсидия алушылардың қарсы міндеттемелерін тіркеу және олардың орындалу дәрежесін, субсидия алу кезегі мен қанағаттандырылмаған өтінімдерді күту парағын бағалау болады. Бұл жүйе фермерлер үшін тегін болады және барлық негізгі мемлекеттік дерекқорлармен біріктіріледі. Жүйенің барлық іс-қимылдары автоматтандырылып, бұл субсидияларды бөлу және беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Биылғы көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу мақсатында жұмысты үйлестіру жөніндегі жедел штаб құрылды, «Кең дала» бағдарламасы арқылы АШТӨ-ге жеңілдікпен кредит беруге 70 млрд теңге бөлінді, ал азық-түлік корпорациясын форвардтық сатып алу бағдарламасы арқылы 80 млрд теңге бағытталады, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге артық»,— деп атап өтті

Ермек САХАРИЕВ
21.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 25
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 152
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 152
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9170
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8568
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11796
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9564
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10776