ШУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

ШУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Бүгін аудан орталығындағы мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков қатысып, тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтады. Шара басталмас бұрын Бақытжан Оразалыұлы этно-мәдени орталықтардың көрмесін тамашалап, жетекшілермен тілдесті. Атап айтқанда түрік, орыс, күрді, азербайжан, неміс және қазақ мәдени орталықтары аудан басшысына ұлттық тағамдарын таныстырып, дәм ұсынды. Мұнан соң жиналғандар ішке еніп салтанатты жиынның куәсі болды. Мәдениет үйінің өнерпаздары қилы заманда түрлі ұлтты бауырына басқан қазақ халқы туралы шағын бейнефильмді ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Одан кейін Бақытжан Оразалыұлына сөз беріліп, аудан басшысы жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтады. -Баршаңызды ең алдымен көктемнің алғашқы күнімен асыға жеткен асыл мерекеміз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бір шаңырақ астында тату тіршілік кешіп отырған түрлі ұлт пен ұлыстың тұрымтай тұсымен болған заманда бауырға басқаны үшін Алғыс айтылатын маңызды күн. Оның маңызы халқымыздың ынтымағында, бұзылмас бірлігінде, берік бауырмашылығында екені айдан анық. Біздің данагөй бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан. Сол себепті- айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің , бейбітшілік пен келісімнің жарасым тапқан жылы мереке. Тыныштық пен тұрақтылық Тәуелсіз Қазақстан Республикасының басты құндылығы. Сонымен қатар берекенің бастауы. Себебі бейбітшілік бесігінде 32 жыл бойы тербетілген егемен еліміздің экономикасы алға жылжып, әлеуеті артып келеді. Одан бөлек әлемдік аренада беделі өсіп, бейбітшілік ордасы деген мәртебеге ие болуда. Ардақты ата-бабаларымыз «Жақсылық еккен алғыс орады» деп тауып айтқан. Олардың біздей ұрпағы алғыс алуды әдетке айналдырғандары дұрыс. Өйткені өнеге жалғасуы керек. Ізгіліктің тіні үзілмеуі тиіс,-деді Бақытжан Жәнібеков өзінің құттықтауында. Құттықтау соңы марапаттау рәсіміне ұласып ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосып, этносаралық келісімді нығайтуға тер төккен бірқатар азаматтарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыс етілді. Әдеттегідей салтанатты жиын соңы сазды бағдарламаға ұласып, көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
01.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 97
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 107
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 514

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822