Суицид жасау—ауыр күнә

Суицид жасау—ауыр күнә

Ислам дінінде суицид, яғни өз-өзіне қол жұмсау ауыр күнәға жатады. Өйткені адамдардың өзін-өзі өлтіруі шариғатта Жаратқанның жазмышына қарсы шыққанмен тең екен. Алла Тағала былай дейді: «...өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге мейірбан ғой. Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай» («Ниса», 29, 30). Тіршілікте көрген тауқыметі үшін өмірден баз кешіп, өз-өзіне қол салу Алла Тағаланың қаһарына ұшыратады. Ақыретте үлкен азапқа душар етеді. Дүниеден қалай кетсе, ақыретте сол кейпінде жазаланатын болады. 

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Кімде-кім таудан құлап, өзін-өзі өлтірсе, ол жаһаннам отында мәңгі бақилыққа құлайды. Кімде-кім у ішіп, өзін-өзі өлтірсе, жаһаннам отында мәңгі бақи сол уын қолына ұстап ішіп тұрады. Кімде-кім өзін-өзі темірмен өлтірсе, жаһаннам отында сол темірді қолына ұстап, өзін-өзі мәңгі бақи ұрғыштап тұрады». (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).

Адам өмірде  қандай қиындық көрмесін, басына қандай іс түспесін, өзіне қол жұмсамақ түгілі, өлім тілеуіне де болмайды екен. Өйткені адамның жаны, тәні, өмірі – бәрі де Жаратушының берген аманаты болып есептеледі. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Сендердің біреулерің өзіне өлім тілемесін. Бәлкім, егер ол жақсы пенде болса, ұзақ өмір сүріп, жақсылығы көбейе түсер, сөйтіп, (өмір) ол үшін жақсы болар. Бәлкім, егер жаман адам болса, жамандығынан қайтарылар». (Нәсәи риуаят еткен).

Қоғамымызда орын алып жатқан бұл қауіпті қылмыстың ең басты себебі имани тәрбиенің жетіспеушілігі екендігіне көз жеткізіп жүрміз. Иман болмаған жерде күдік пен күпір қатар жүреді. Иманы әлсіз жандарды ібіліс азғырып, тура жолдан тайдыруға тырысады екен. Сөйтіп  тура жолдан тайдырып, өз дегеніне көндіріп, өзінің қатарына кіргізеді. Өйткені ібілістің басты мақсаты адамзатты адастырып, торына түсіру ғой. Алланың елшісі (с.а.с.) өз кезегінде әрбір мүмін пенденің иманы мықты болуын талап етеді. Өмірдегі қиыншылықтар мен  қателіктер үшін торығып, түңілуге салынып, өмірден баз кешіп, үмітсіз шайтанға ұқсауға болмайтындығын ескертеді.

Қазіргі тиісті органдар суицидті жою жолдарын қолға алып жатқанымен, олардың оң әсері төмен боп тұр. Мәселен, білім беру жүйесінде 7 мыңнан астам педагог-психолог күнделікті өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетеді. Алайда олардың басым бөлігі шетелдік, оның ішінде батыстық таным-түсінікке, ойлау жүйесіне негізделген теориялардан, зерттеулерден, тұжырымдардан, атеистік көзқарастарға шырмалған идеялардан сусындаған. Сондықтан отандық педагог-психологтердің батыстан келген теориялар мен тұжырымдардың, көзқарастардың жетегіне еріп кетпеу жағын ойластыра отырып, шығыс даналығынан, халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, салт-дәстүрінен, халықтық педагогикадан жақсы  хабары бар мамандар даярлау керек.  Мұндай мамандардың діннен де білгені мол болғаны өте маңызды. Өйткені суицидке қарсы күресте имамдардың кеңесін пайдалану  қажет болғанымен, оларды қосымша тірек ете отырып, негізінен, дін саласынан хабары мол психолог мамандардың қызметін пайдаланған дұрыс. Өйткені олар арнайы штаттар негізінде тиісті орындарда жұмыс істейді. Нақтылай айтқанда, біз суицидке қарсы іс-қимылда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін педагог-психологтердің қызметіне сүйенгіміз келсе, алдымен олардың жан дүниелерін, білім-білігін, рухани ұстанымын батыстық емес, өз ұлтымыздың болмысына, халқымыздың құндылықтарына орайластырған  жөн. Осындай болашақ педагог-психолог мамандарды даярлауымыз қажет.

Негізінен көпшілік суицидтің белең алуын елдегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендігімен байланыстырады. Бірақ бұл дұрыс көзқарас емес. Өйткені, біріншіден, халқымыздың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы талай елден кем емес. Екіншіден, жағдайы жақсы елдерде де өзіне-өзі қол салушылар саны  әлдеқайда көп. Мысалы, соңғы кездері Мажарстан, Финляндия, Эстония, Литва, Латвия, Германия, Аустрия, Швейцария, Нидерланд, Жапония сынды мемлекеттерде «суицид синдромы» өршіп барады. ДДҰ суицид кедей елдерде емес, дамыған елдерде көп тіркелетінін айтуда. Атақты әлеуметтанушы Эмиль Дюркгейм: «Қоғамдық қарым-қатынас әлсіреген және адам бойындағы сенім мен рухани құндылық жойылған жерде суицид көбейеді», – депті. Мамандардың зерттеуі бойынша өзіне-өзі қол жұмсау ісі атеистер арасында көп кездеседі екен. Оның себебі Аллаға және ақыретке иман келтірмеулерінде жатыр. Ал Ислам дінін жаппай ұстанатын елдерде суицид өте төмен екен: 100 мың адамға шаққанда 0,1 адам. Ал өзге діндерді ұстанатын қоғамдарда бұл синдром жоғары: 100 мың адамға 11,2 адамнан келеді.

Иә, суицидке барлық діндер қарсы. Солардың ішінде Ислам діні өзіне-өзі қол салу әрекетіне  өте қатал қарайды. Сондықтан да суицид мәселесінің шешімін Ислам дінінен іздеу тиімді сияқты. Өйткені өзіне-өзі қол жұмсау – Исламда өте ауыр күнә. Бұл деген Жаратқанның маңдайына жазғанына қарсы шығу. Алла Тағала «Сондай-ақ бір-біріңді (өз-өздеріңді) өлтірмеңдер. Шүбәсіз, Алла сендерге өте мейірімді. Кімде-кім осы айтылғандарды қасақана істеп, шектен шығып, өзіне һәм өзгелерге қиянат жасайтын болса, біз оны шыжғырып азаптау үшін алапат отқа тастаймыз. Бұл Алла үшін оп-оңай» («Ниса», 29-30),  – дейді.

Негізі өзін-өзі өлтіру – өз жеке басын ойлайтындардың ісі. Ондайлар өзгені ойламай, басына түскен қиындықтан өлім арқылы құтылам деп ойлайды. Соңында зар илеп жылап қалатын ата-анасын, бауырларын, туыстарын есіне де  алмайды. Ислам діні өмірдегі қиыншылықтарды жай ғана Алланың сынағы деп түсіндіреді, оның артынан жақсылық болатынына сендіреді.  Алладан үміт үзбей, сабыр сақтап, өзін-өзі өлтіруден сақтандырады.

Иә, біздің ата-бабаларымыз да өзіне-өзі қол салғандарға теріс қараған. Олардың сүйектері бөлек көмілген. Молдалар  олардың жаназасы шығарылмауы керек дегенді айтады. Мәселен, Грекияда өз-өзін өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберетін болған. 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабында өзін-өзі өлтірген адамның жаназасы туралы былай делінген: «Адам баласының өз-өзіне қол жұмсауы – адамдық тұрғыдан да, дін тұрғысынан да үлкен күнә. Өйткені жан – Алланың адам баласына берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат әрі үлкен күнә. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадисте өзіне қол жұмсаған адамның үлкен күнәға бататынын, тозақта азап шегетінін айтқан. Өзіне қол жұмсау бұрынғы үмбетте де тыйым салынған. Бір хадисте: «Сіздерден бұрынғы үмбеттер арасында жараланған бір адам ауруына шыдай алмай қолын пышақпен кесіп, қан тоқтамай қансырап өлді. Сонда Алла Тағала: «Құлым мен берген жанымды қолдан алды. Мен оған жұмақты харам (мақұрым) еттім», – деген. Өзін-өзі өлтірген адамның жаназасын Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оқымағандығы айтылады (Мүслім риуаят еткен). Алайда сахабаларға өзін-өзі өлтіргенге жаназа намазын оқуға тыйым салмаған. Сондықтан бұрынғы уақытта бізде күнәнің ауырлығын білдіру әрі басқаларға сабақ болу мақсатында өзіне қол жұмсаған адамдардың жаназасы оқылмаған. Ал бүгінде ҚМДБ мұндай жаназаларды көп адам жинамай, барынша тезірек өткізу керектігін айтады. Бұл да жастарға және рухани өресі төмен кісілерге ғибрат болары анық», – дейді. 

Өмірде эмоциялық күйзелістер, психологиялық факторлар, отбасы проблемалары, қаржы тапшылығы және т.б. қиыншылықтарды көрсе  де Аллаға деген сенімін, имандылығын жоғалтпай, салт-дәстүрді  сақтап, мойымай, ерік-жігерін танытып жүрген жандарға  разы боласың. Мүгедек, ауру, отбасы жағдайы төмен адамдардың өзі өмір сүру үшін жанталасып күресуде. Сондықтан қоғамда адамдар арасында суицидтік көңіл күйді, сондай әрекетке итермелейтін жағдайларды болдырмаудың амалдарын қарастырып, сіз бен біз болып күресуіміз қажет. Бұл – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселесі.

ШАРГҮЛ ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 176
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 69
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 109
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 129
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 93
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 510
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 477
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 499
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 492
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 490
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 505
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 495
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 690

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9733
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9107
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12342
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10112
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11322