Шүкіршіліктің пайдасы мен зияны

Шүкіршіліктің пайдасы мен зияны

Елдің ішінде көп жүргендіктен осы сөздерді көбірек естимін. Кезінде Әбіш Кекілбайұлы ағамызда «шүкіршіл халықпыз» деп еді. Саяси ортада жүрген адамдардың да ауыздарынан «Халық оянып келеді» деген сөздерді жиі еститін болдық.

 

Қарапайым ауыл тұрғындарына ең алдымен керек үш дүние бар.

Біріншіден, ТЫНЫШТЫҚ.

Екіншіден, ЖҰМЫС.

Үшіншіден, ӘДІЛЕТТІЛІК.

Әрине, тыныштық сақтаудың басты міндеті елдің ішкі саясатына үлкен жауапкершілік пен қарау болып табылады. Басқа халықтарға не керегін білмейміз. Ал, біздің халыққа жоғарыда айтқан 3 бағыт жеткілікті.

Жарты ғұмырымыз Кеңес дәуірінде өткендіктен, ол кездегі әлеуметтік жағдайларды жақсы білеміз. Газдың ортасында отырып, көгілдір отынға қолдары жетпей жатты. Енді ғана жергілікті тұрғындардың армандары әсте-әсте орындалып келе жатыр. Менің қатарластарымның «Тәубе, шүкір» дейтіндері сондықтан... Үлкен қалаларда жұмыс жасадық, жұмысшы жатақханаларына уақытша тіркеуге қоятын еді. Басшылармен, жатақхана комендантымен сөзге келіп қалсаңыз, жағдайыңыз қиын болатын еді.

Жұмыстан шығарып жіберсе, автоматты түрде жатақханадан кетесіз! Қалада жұмыс табу мұңға айналады. Өйткені, артыңда «жұмыстан тәртібі үшін шығарылды» деген сөз бар. Әне кірем, міне кіреммен жүріп, 6 ай өткізіп алғандар «тунеядство» бабы бойынша 6 айдан бір жылға дейін сотталады. Талай таныстарымыз осы баб бойынша сотталып келді.

Отырып келгеннен кейін оларға қалалардың қақпалары мәңгі жабық болады.

Амалсыз ауылдарға баруға тура келеді. (Өздерінің ауылдарына баруға бет жоқ). Бұл, әрине, сол кездегі Кеңес билігі тарапынан қисық әрекеттер болатын.

Қалада қалып жұмыс жасаған қазақтардың басым бөлігі пәтерден-пәтерге көшіп жүрді.

10-18 шаршы метр боларлық отбасылық жатақханаға қол жеткізгендер өздерін бақытты сезінетін болды. (Әжетхана, жуынатын бөлме, асхана ортақ болатын). Осындай қиындықтарды бастан кешіргендер үшін қазіргі уақыт, әрине, жұмаққа пара-пар көрінетіні сөзсіз.

Мен аралап жүрген ауылдардың басым бөлігінде,  Құдайға шүкір, газ, су, свет т.б. тұрғындарға керекті негізгі заттар баршылық. Кейбір ауылдарда газ өткізу енді қолға алынып жатыр. Бұл да ретімен болады ғой... Бастысы «тыныштық» керек екенін халықтың басым бөлігі түсініп келеді. Оған да «Тәубе» дейміз!

Жергілікті жердегі басшылардың мойындарына үлкен саяси міндеттер қойылып отыр.

Президент Тоқаевтың жер-жердегі көздері, һәм құлақтары екендіктерін естен шығармаулары керек. Аңдаусызда айтқан әрбір сөздері Тоқаевқа тиетінін ескерсе дейміз!

Мен барып жүрген облыстың әлеуметтік жағдайлары «шүкір» деп айтуға болады.

Ал көптен бері шешілмей келе жатқан әлеуметтік мәселелердің негізгі бөлігі тым алыста жатыр. Қалалық есеп беру жиынына қатысып, тыңдағанда оған толық көзіміз жетті.

Қазіргі әкімдер бұрынғы әкімдердің арттарын тазалап жуып жатыр деп айтуға болады.

Кез келген ауылдық округтерде қоқыс мәселелері мен ауылдарды таза ұстауға бағытталған жұмыстар кемшін болып тұр. Бұл мәселелерді қолға алу үшін жергілікті атқарушы билік, тұрғындар арасында беделі бар үлкенді-кішілі ақсақал мен көксақалдылардың барлығында, қоғамдық жұмыстарға тарту керек.

Ауылдардың тазалығы ең алдыменен сол жерде тұратын тұрғындарға керек.

Кеңес одағы кезінде сенбіліктер өтіп жүрді. Әр жерде түрліше болды. Бір ауданда жергілікті атқарушы билік, оқушылар мен жастардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында түскі ас әзірлеп, әскери коттолёктерді пайдаланды.

Кез келген балаға ол заманда әскери бұйымдарды көру арман болатын. Әскери коттолёктерден ас ішкендерін айлап айтып жүретін еді. Қазір халық шетелдерге барып, келіп жүр. Сол жақта көргендерін біздің елімізде де жасаса екен дейді. Түбі оғанда келерміз!

АҚШ сенаторы болған Кеннедидің бір патриоттық сөзі есіме түсіп отыр. «Мемлекет маған не берді» деп емес, «мен мемлекетіме не бердім» деп ойласақ, сол бағытта барлығымыз қызмет жасасақ, барлығы да дұрыс болады деп ойлаймыз!

Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ

09.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24278
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23941
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41402
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37316
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41643