Швеция мен Түркия қатынасына сызат түсті

Швеция мен Түркия қатынасына сызат түсті

Сенбі күні Швецияның Стокгольм қаласындағы Түркия елшілігінің алдында демонстранттар арнаулы шара ұйымдастырып, мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран кәрімді өртеді. Ақпараттардан белгілі болғандай, Хард Лайн партиясының мүшесі Расмус Палудан полицияның қоршауында тұрып, қасиетті Құран кәрімді өртеді. Бұл видео жылдам таралып кетті. Әрі әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар бірден қарсылық танытып, түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр.

Ислам әлемі Швециядағы Құранды жағу акциясын сынап жатыр

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру мәселесіне байланысты Түркияның бірден келісім бермеуі үш елдің арасында біраз келіспеушіліктерді туғызған еді. Стокгльмдегі бұл қарсылық шарасы да сондай дипломатиялық дау-дамайларға қаратылса керек. Бұл оқиғадан кейін Түркияда да наразылық шаралары өтті. Олар Швецияның туын өртеді, әрі Құранды өртеу әрекеті тек қана Түркияға емес, күллі мұсылман жұртына жасалған арандатушылық екендігін айтты. Түркияның құзырлы мекемелері де қарсылықтарын жасырған жоқ. Түркия СІМ, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, бұл әрекеттің арандату екендігін айтып, осы акцияның өтуіне қолдау білдірген Швеция билігін кінәлады. Бұл айыптауларға қарап, Швеция тарапы елдегі сөз бостандығы мен демократияның заңмен қорғалатындығын алға тартып, Құран өртеу әрекеті ресми биліктің позициясын білдірмейді деп отыр

Всемирный совет мусульманских общин осудил сожжение копии Корана в Швеции:  19 Апреля 2022, 16:35 - новости на inform.kz

Ал Түркия Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш бұл оқиғаға байланысты «Біз 120 елдегі Президенттік атташелері мен кеңесшілерінің жетекшілігімен сотқа жүгіну түрінде акция бастаймыз. Біз әртүрлі сала өкілдеріне хат жолдаймыз. Бұл істі бастадық. Сәрсенбі күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымымен онлайн кездесуді жоспарлап отырмыз. Бұл жерде біз тек Құранды өртеу шабуылына ғана емес, сонымен бірге Еуропа елдеріндегі кейбір исламофобиялық шабуылдарға қарсы өз реакциямызды бірге көрсетуге тырысамыз»,– деді.

Бұл жағдайларға байланысты дүйсенбі күні өз пікірін білдірген Түркия Президенті Ердоған «енді Швеция бізден НАТО-ға қосылу туралы өтініштерін қолдайды деп күтпей-ақ қойсын», – деді. Режеп Тайып Ердоған мырза бұл шараның жалпы мұсылмандарға қарата жасалған қорлау екендігін айта келіп, швед билігін бұл шараның өтуіне кәдімгідей қолдау білдіргендігіне наразылығын ашық айтты

Ердоған: «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының артында батыс елдері тұр

«Елшілігіміздің алдында мұндай жексұрын әрекетке жол бергендер енді НАТО-ға мүше болу туралы өтініштерінде бізден мейірімділік күте алмайтыны анық»,– деді ашулы Президент. Ердоған мырза сонымен қоса Түркияда, Еуроодақ пен АҚШ-да лаңкестік ұйым ретінде мойындалған Күрдстан жұмысшылар партиясының шерулерін қолдағаны үшін де Швецияны айыптады.

«Сіздер террористік ұйымдарға өз елдеріңіздің көшелерінде еркін жүріп-тұруына жол беріп қойдыңыздар. Сөйте тұра бізден НАТО-ға мүше болып кіру үшін қолдау күтесіздер. Бұл мүмкін емес», – деді Ердоған.

2022 жылы маусымда Түркия, Швеция және Финляндия қатарлы үш ел Мадридте өткен НАТО саммитінде ортақ меморандумға қол қойған еді. Сол саммитте үш ел КЖП-ны террористік ұйым деп танып, оның әрекеттерін тоқтатуға уәде берген болатын. Алайда Швеция елі бұл уағдаластықтан кейін де Күрдстан жұмысшылар партиясының әрекеттеріне шектеу қойған жоқ. Сенбі күнгі оқиғадан кейін Түркия СІМ мәлімдеме жасап: «Швеция мен Түркия арасындағы НАТО-ға кіру жолында жасалған түрлі меморандумдар мен шарттар түгелдей күшін жойды», – деді.

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне келісім берді

Швеция мен Финляндия Ресейдің Украинаға қарсы соғысынан кейін ұзақ жылдар бойы ұстанып келе жатқан бейтараптық саясатын өзгертіп, НАТО-ға мүше болуға өтініш берген болатын. Ұйым жарғысына сәйкес аталған әскери альянсқа жаңа мүше қабылдау мәселесінде ұйым құрамындағы барлық мемлекеттер бірауыздан мақұлдағандаық ғана мүшелікке өтуге болады деген ұстаным бар. Екі мемлекеттің өтінішін өзге елдер қолдағанымен, Түркия Республикасы қарсылық танытқан болатын. Бұдан кейін жасалған дипломатиялық әрекеттердің нәтижесінде мәселенің беті бері қарағандай болған еді. Алайда өткен сенбі күні Түркия елшілігі алдында өткізілген Құран өртеу шарасы Швеция мен Түркия арасына сына қаққандай болды. 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 13
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 1
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 8
Күзде ашылған гүлзарлар
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 4
ТҮРКІСТАН: БАЗАРДАҒЫ КІТАПХАНАҒА 10 МЫҢДАЙ ОҚЫРМАН КЕЛГЕН
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.11.2024 179
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 747
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 782

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545