Бүгін Швецияда парламенттік сайлау өтіп жатыр. Онда ел азаматтарыбірпалаталыРиксдагтың 349 депутатынсайлайды. Риксдаг мүшелері пропорционалды жүйе бойынша төрт жылға сайланады.Швеция аумағы Риксдагтың 310 мандаты бекітілген сайлау округтеріне бөлінеді. Қалған 39 мандат – «теңестіруші», ол бүкіл ел бойынша дауыс берудің жалпы нәтижелері бойынша толтырылады. Парламентке өту үшін партия парламенттік сайлауда кем дегенде 4 пайыз дауыс жинауы керек. Қазіргі сайлауға дейін парламентте мына партиялар ұсынылды: Орталық партиясы – 31-орын (8,61%); Христиан демократтары – 22-орын (6,32%); Либералды партия – 20-орын (5,49%); Жасылдар партиясы – 16-орын (4,41%); Қалыпты коалициялық партия – 70-орын (19,84%); Социал-демократиялық жұмысшылар партиясы – 100-орын (28,26%); Швед демократтары – 62-орын (17,53%); Солшыл партия – 28-орын (8,00%). Премьер-министр Магдалена Андерссонның солшыл орталық Социал-демократиялық жұмысшы партиясы осы сайлауда Қалыпты коалициялық партиясындағы консерваторларына, сондай-ақ көтеріліп келе жатқан «Швед демократтары» қозғалысына қарсы тұруда. Қазіргі сауалнамалар бойынша, шамамен 30 пайыз дауыспен социал-демократтар партиясы бірінші орында, одан кейінгі орындарда швед демократтары шамамен 20 пайыз және Қалыпты коалициялық партия 17 пайыз дауыспен тұр.