Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық

Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыда санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімі, эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімі, қызметті жоспарлау және талдау бөлімдері бар. Әр бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы Заңнамаларын жұмыс барысында қолданады. Қызметті жоспарлау және талдау бөлімі ҚР мемлекеттік қызметі туралы заң, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, әкімшілік рәсімдік- процестік кодекс, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң, ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңдарды жариялылықпен, ашықтықпен қолданады. Санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының негізгі қағидаттары: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау басымдығы, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану қажеттілігін жұмыс барысында қолдана біледі. Эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімі, меншік нысанына қармастан Денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау функцияларын; оның ішінде барлық тексерістер, мемлекеттік қызметтерді көрсету, elicense.kz, Default базалары арқылы келіп түскен өтініштерді қарау, үйлестіру және мониторинг жүргізуді ҚР Заңнамаларына сай жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл саласындағы  қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы заңға сәйкес өзге де істер болып табылады.

​Осы заңда белгіленген құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер болмақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды  анықтау және жою жөніндегі қызыметімен анықталады.

​Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл саласында үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп- тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттерін Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары жұмыс барысында дұрыс бағытта қолданады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Бибітгүл Аманжоловна
13.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 197
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 1068
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1106
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1087

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6081
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5523
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8710
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6514
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7721