Шығыс Қазақстан мектептерінде бүгін соңғы қоңырау соғылды. ШҚО әкімі Ермек Көшербаев сол салтанатты жиындардың біріне қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өскемендегі М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектепте болып, соңғы қоңырау салтанатты жиынына қатысты.
«Бүгін сіздер үшін ұмытылмас ерекше күн. Сіздер мектеп табалдырығынан шығып, жаңа, тәуелсіз, жауапты өмірге қадам басайын деп отырсыздар. Барлықтарыңа Ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, еліміздің білікті маманы атануларыңа тілектеспін», – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста 3847 оқушы 11 сыныпты тәмамдап отыр. Оның ішінде 256 түлек «Алтын белгіге», 413 түлек үздік аттестатқа үміткер.