«Шым қала» – көне кент

«Шым қала» – көне кент

«Шымкент ескі қалашығы» – жергілікті маңызы бар, тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының археологиялық нысаны. 2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Ескі қалашық ашық аспан астындағы музейге айналды. 2021 жылы «Шым қала» тарихи-мәдени кешені қала қонақтарына есігін айқара ашты.

Бүгінгі таңда «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніне қарасты үш музей бар. Кешен қаламызға алыс-жақын шетелдерден келетін туристер тамашалайтын бірден-бір тарихи-мәдени нысанға айналуда.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қалашықта 15 жыл археолог Бауыржан Байтанаевтың жетекшілігімен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Ғалым зерттеулерінің негізінде 2012 жылы «История Шымкента» атты көлемді ғылыми еңбек жариялады. Сөйтіп, Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар екені дәлелденді. 2019 жылдың ЮНЕСКО-ның шешімімен қаланың 2200 жылдық тарихи жасы мойындалып, 2020  жылғы  Халықаралық іс-шаралардың тізіміне кіруі мегаполис үшін өте маңызды оқиға болды.

Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде батыс шахристан аумағынан ХVІ-ХVІІ ғасырдағы қазақ хандығы дәуіріне жататын ұстахананың орны анықталды. Нысанына реставрация жұмыстары жүргізіліп, орнынан ұстахана және ұста баспанасы бой көтерді. Ұстаханада ата-бабаларымыз пайдаланған тұрмыстық бұйымдар, қару-жарақтар, қалыпта құю, соғу, шегендеу, зер жүргізу аспаптары, ұсталық көрік көмірге арналған кірпіштен қаланған ошақ орналасқан.

Сонымен қатар, қамалдың қорғаныс қабырғасына жапсарлас салынған шығыс мұнарасы реставрациядан өткен. Бұл – жаугершілік заманда қала халқына қауіп төнген жағдайда жаудан қорғану қызметін атқарған жерасты бекінісінің құрылысы. Оның үстіңгі бөлігі алыстан келе жатқан қауіптің алдын алу мақсатында белгісін беретін қарауылдық қызмет атқарған.

Аталған аймақтың оңтүстік-шығыс аумағында Қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІ ғғ.) тұрғын үй кешеніне консервациялау жұмысы жүргізіледі. Тұрғын үй үш бөлме, екі дәлізден тұрады. Цитадельдегі төменгі қабатына II-IV ғғ. қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ең төменгі мәдени қабаттардан зороастрлық ғибадатхананың орны аршылып, оның астына адам сүйегі салынып көмілген хұмдар (құмыралар) табылған. Қазба орнына консервациялау жұмыстары жүргізілген

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 144
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8840
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448