Шымкентте бір отбасының үш баласы көлікте тұншығып қалды
Полицияның хабарлауынша 5, 4 және 3 жастағы бүлдіршіндер автокөліктің жүксалғышына кіріп, кейін шыға алмай, тұншығып қалған.
Олардың екеуі сол жерде жан тапсырған, біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Екі ұл және бір қыз ойнап жүріп, осындай әрекетке барған болуы мүмкін.
Құқық қорғау қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.