ШЫМКЕНТТЕ ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕРДІҢ 57 ҚАТЫСУШЫСЫ АБАҚТЫҒА ҚАМАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕРДІҢ 57 ҚАТЫСУШЫСЫ АБАҚТЫҒА ҚАМАЛДЫ

Шымкент қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап 3 520 адам Полиция департаментіне жеткізіліп, бүгінгі күні 261 құқық бұзушылық анықталды. Ол азаматтардың 223-і бойынша қамауға алу, 19-на айыппұл салу және 19-на ескерту беру туралы шешім қабылданды.

Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша жаппай тәртіпсіздіктердің 57 қатысушысы абақтыға қамалды. Күдіктілерден 6 патроны бар калибрі 16 мм шолақ  мылтық,  9 мм жауынгерлік калибрге қайта жасалған 1 травматикалық тапанша 5 патронымен, калибрі 7,62 мм 67 жауынгерлік патрон және калибрі 5,45 мм 3 жауынгерлік патрон, сондай-ақ тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының «Аппорт» сауда орталығынан ұрланған 23 дана «Айфон 11-ПРО» маркалы және «Самсунг а-25» маркалы 3 телефон тәркіленді.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлері арасынан 48 қызметкер әртүрлі жарақаттар алып, зақымданған  91 автокөліктің ішінде 8-і өртенді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 836
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6910
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10750
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6979
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7120