«Qazaqstan dаuiri» халықаралық газетінде 2022 жылғы 09 маусымдағы «Бозымбаев Баталовтан қалған былықты жөндей ала ма?» атты тақырыбында шыққан мақаласында Патия Халикова мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) келесіні мәлімдейді.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының нормаларына сәйкес, Департаменттің қызметі табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы қызметті реттеуге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополиялар салаларына жатады.
2021 жылғы 1 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданының Дардамты ауылдық округі аумағында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне «Мангутов» жеке кәсіпкер Алматы облысының Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілді.
Осыған байланысты, «Мангутов» жеке кәсіпкер табиғи монополия субъектісі ретінде тарифтік ведомство бекіткен тарифпен реттелетін қызметті ұсынуға міндетті.
Департамент 2021 жылғы 6 желтоқсанда «Мангутов» ЖК үшін сумен жабдықтау қызметі бойынша оңайлатылған тәртіппен тариф бекітті, ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген. Орташа тарифтің құны 18,26 теңге/м3 (шығындардағы қосымша құн салығын қоса алғанда) құрайды.
Сондай ақ, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтері үшін ақы мөлшері бекітілген.
Сонымен қатар, «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес, тарифтi оңайлатылған тәртiппен бекiту табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі өткеннен кейін, тариф тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданыла отырып, күнтізбелік бір жылға бекітіледі.
Табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тариф көтерілген жағдайда, уәкілетті орган жаңа тарифтерді енгізумен бір мезгілде табиғи монополиялар субъектілерінің негізсіз алған кірісін тұтынушыларға өтеу туралы шешім қабылдауға міндетті.
Яғни Департамент 1 жыл мерзім өткеннен кейін, «Мангутов» ЖК-нің тарифі қайта қаралатындығын мәлімдейді.
Сонымен қатар, «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, тұтынушы уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне табиғи монополия субъектісімен жеке шарттар жасасуға міндетті.
Алайда Департамент бүгінгі күнге дейін азаматша Патия Халикова және «Мангутов» ЖК-мен реттеліп көрсетілетін қызметке жеке шарт жасамағанын атап көрсетеді.