СЫР ӨҢІРІ : МҰНАЙ АЗАЙДЫ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ ....

СЫР ӨҢІРІ : МҰНАЙ АЗАЙДЫ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ ....

Арал экологиялық апат аймағына Үкімет тарапынан арнайы көмек қажет

Үкімет Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заң талаптарын қажетті деңгейде орындамай келеді.

Ол туралы Ұлттық экономика министрі Қуантыров Әлібекке бірнеше сұрақ қойдым. Арнайы Заң 1992 жылы қабылданды. Өкінішке орай 2000 жылдардың басында көптеген жеңілдіктер алынып тасталды. Дегенмен осы Заң Арал экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен азаматтардың қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс және олардың статусын, аумақтардың топталуын айқындайды, әлеуметтік оңалту шараларына мұқтаж адамдарға өтем мен жеңілдіктер белгілейді, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, тұрақты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету, халықты экологиялық таза тамақ өнімдерімен, медицина құралдарымен, ауыз сумен басым жабдықтау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жүйесін қалыптастыруға  мемлекет тарапынан нақты шаралар сақталды. 

Солардың ішінде ең негізгісі 13 бап : экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін 1,5 бастап 1,2 дейін коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия, зейнетақы төлеу қаралған. Ол 30 жылдан астам  орындалып келеді.

Дегенмен Арал өңіріндегі экологиялық жағдай жақын арада жақсарады деп айта алмаймыз. 

Су тапшылығы , жердің эрозиясы , тұздануы ауыл шаруашылығын дамытуға шектеулер әсері тек күшейіп келеді.  Сол сепептен жергілікті тұрғындар  Азық түлікпен өзін -өзі қамтамасыз ете алмайды. 

Оған қоса соңғы 10 жылда пайда болған экономикалық қауіп - мұнай өте жылдам деңгейде азайып, өндіру деңгейі күрт төмендеді. Мысалы 2011 жылы Сыр өңірінде 10,5 млн тонна мұнай өндірілген болса, биыл тек 3,5 миллион тонна табады деп жоспарлануда. Салық түсімі де дәл солай азайып барады. 

Мұнай саласы облыс бюджетінің негізін қалыптастыратынын ескерсек , жақын арада Сыр өңірінде ерекше экономикалық қиындықтар туындайды - бюджет толықтыратын жаңа көзі анықталмаған. 

Төрт , бес жылдан кейін одан сайын қаржылық жағдай қиындайды. 

Оған ҚР Үкіметі қандай дайындық жүргізіп жатқаны белгісіз.

Қанша ақпаратты қарап шықтым , осы уақытқа дейін арнайы шаралар жоспарламаған. Сонда Сыр өңірінің болашағы қандай болмақ? 

🔲 ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ НЕГЕ ОРЫНДАЛМАЙДЫ 

Оған қоса ҚР Үкімет тарапынан Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заң талаптарының  бірнеше баптарын тиісті деңгейде іске асырылмай жүр : 

- Мысалы 11-бап талаптары  - тамақ өнімдерімен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі басымдықтар, ҚР Үкіметі экологиялық қасірет аймағының халқын экологиялық таза тамақ өнімдерімен және сапалы ауыз сумен басымдықты түрде қамтамасыз етеуі міндетті 

🔲 Бірақ жағдай әзірге керісінші - Үкімет тарапынан Сыр еліне Оңтүстіктен азық түлік алып келетін жолды ақылы жасап, бағаны қымбаттауна өз қолымен итермелеп отыр. Қызылорда облысының азаматтары бұл шешімге қарсы. 

- Және 12-бап  медициналық қызмет көрсетуді, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды және материалдық жағынан жабдықтауды ұйымдастыру талаптары - ҚР Үкіметі экологиялық қасірет аймағы халқына медициналық мекемелерді ұстауға қаржы бөлу нормаларын бір тұрғынға шаққанда экологиялық апат аймағында 1,5 есе, экологиялық дағдарыс аймағында 1,3 есе және экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта 1,15 есе ұлғайтуға, медицина техникасын, дәрі-дәрмектерді нысаналы бөлуді қамтамасыз етуге, аймақтың барлық халқын дүркін-дүркін кешенді түрде медициналық тексеруден өткізіп отыруға, тиісті денсаулық сақтау органдарының жолдамаларымен республиканың барлық клиникаларында, медицина орталықтарында және басқа медицина мекемелерінде медициналық-санитариялық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілуіне кепілдік қарастуры міндетті

🔲 Ондай артығымен қаржыландыру бюджетте қаралмаған. Себептері түсініксіз. Арал аймағының тұрғындарының жақсарып кетті деп санай ма? 

- Сонымен қатар 19-бап экологиялық қасірет аймағындағы жұмыссыздарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер талаптары : ҚР Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) қаржы және материалдық қаражаттарды жаңа жұмыс орындарын құруға, ақы төлейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға басым бағыттауды;

      2) экологиялық апат аймағынан көшіп-қонушыларды республиканың экологиялық жағынан қолайлы аймақтарында жұмысқа орналастыру жағдайын;

       4) Арал өңірі проблемаларын шешу үшін қажетті аса зәру кәсіптерді иелену жөніндегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ, оқу кезеңінде міндетті түрде жатақхана беретін кәсіптік оқытуға арналған курстарға артықшылықты пайдалана отырып (мөлшер белгілеу жолымен) түсуді қамтамасыз ету міндеттері. .

🔲 Бұл бап та орындалмай келеді. Сыр өңірінен көшіп келген азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін бағдарлама бар деген ақпарат жоқ. Қызылорда облысында онсыз да жұмыссыздық күшейіп келеді. Ал мұнай азайса бұл мәселе күрделене түседі. Оған Үкімет алдын ала дайындалмаса болайды. 

​🟩 ҮКІМЕТ АРНАЙЫ ШАРАЛАРДЫ ҚАРАСТЫРАМЫЗ ДЕП УӘДЕ БЕРДІ 

Мен көтерген мәселелердің күрделі екенімен келісіп ҚР Ұлттық экономика министрі Қуантыров Әлібек арнайы шараларды қабылдаймыз , Арал өңіріндегі мәселелерді назарға аламыз деп уәде берді. 

Әрине өз тарапымыздан назарда ұстаймыз. 


Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ФБ парақшасынан
17.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 354
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6459
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8168
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6539
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6675